Жарияланған күні: 15.09.2022 17:50
Өзгертілген күні: 15.09.2022 17:51

14 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы темекі сатушыларына арналған оқыту ақпараттық туры аясында цифрлық таңбалау жүйесі және бизнеске арналған «Naqty Sauda Akt» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша тренинг өтті. Шараны Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Семинар-тренингке темекі сатушылардың 40-қа жуық өкілі қатысты. Іс-шара аясында цифрлық таңбалау жобасының кеңсесінің өкілдері Naqty Sauda Akt қосымшасымен жұмыс істеу бойынша тренинг өткізіп, кәсіпкерлер қосымшаның жұмысы және жалпы цифрлық таңбалау жүйесі туралы сұрақтарға жауап алды. Темекі өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін тағы 17 қалада осындай танымдық шараларды өткізу жоспарлануда.

 

«Барлық темекі өнімдері арнайы код түріндегі сәйкестендіру құралдарымен таңбаланады. Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау алынып тасталды, осыған байланысты Қазақстан Республикасына тасымалданаты барлық темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланады», - деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Ержан Шүлембеков.

 

ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда цифрлық таңбалау Data Matrix екі өлшемді кодының көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер оны өнімге қолданады, ал тұтынушылар оны арнайы қосымшаның көмегімен сканерлей алады. Сандық таңбалау экожүйесінде әр түрлі мақсатты аудиторияға арналған үш мобильді қосымша бар: 

* Naqty Onim - тұтынушылар үшін 2D-сканердің орнына қызмет етеді және таңбаланған тауар туралы барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді; 

* Naqty Sauda Kassa - кәсіпкер КБМ операциялары туралы деректерді ФДО серверіне жіберу және таңбаланған тауарларды есепке алу жүйесімен жұмыс істеу үшін құрылған;

* Naqty Sauda Akt - тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) таңбаланған тауарларды қабылдау-тапсыру актілерін жасауға және растауға арналған.  

Соңғысы жетілдіріліп жаңартылды, оған "Автоматты түрде жүйеден шығу" функциясы қосылды, сонымен қатар техникалық қолдау сұрауларын өңдеу уақыты қысқартылды.

2022 жылдың 13 шілдесінде цифрлық таңбалау темекі өнімдерін сәйкестендіру үшін бұрын қолданылған акциздік марканың функциясын толығымен алмастырды. Енді цифрлық таңбалау кодынсыз темекі өнімдерінің айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерге тауарды тәркілеп және лицензиядан айырып айыппұл салынады. 

2022 жылдың басынан бері ҚР аумағына контрабандалық жолмен сату үшін әкелінген 22,5 млн қорап темекі өнімдері анықталып, тәркіленді.  2022 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік препараттарды цифрлық таңбалау енгізілуде.

Темекі өнімдерін таңбалау ережелерімен мына жерде танысуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда, кәсіпкерлер тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 8 800 080 6565 нөмірі бойынша хабарласа алады