Жарияланған күні: 28.02.2019 16:38
Өзгертілген күні: 14.03.2019 20:20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, жеке тұлғаларға пәтерін жалға беруге болады ма?

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жұмысшылар еңбегін тұрақты түрде қолданбайтын жеке тұлғалар, мүліктік табыс алған жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.

Салық агенті болып табылмайтын тұлғаларға (жеке тұлғаларға) мүлікті жалға беруден жеке тұлғаның  (дара кәсіпкер емес) алған табысы мүліктік табысқа жатқызылады.

Сәйкесінше, жеке тұлғаға пәтерін жалға берген жеке тұлға, табысының мөлшеріне байланыссыз, дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.

Бұл ретте, осындай жеке тұлғаның орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00 нысан) мүліктік табыс алған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыру бойынша міндеттемесі пайда болады.

Сондай-ақ, жеке тұлғаға 10%  мөлшерлемесімен жеке табыс салығын есептеуі және мүліктік табыс алған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлеуі қажет.

Мәселен, егер пәтер 2018 жылы жалға берілген болса, онда декларацияны 2019 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыру қажет.

Мерзімнің соңғы күні, яғни 2019 жылғы 31 наурызда демалыс күнге сәйкес келетінін ескере отырып, салық есептілігін табыс ету мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында, яғни 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

Электронды түрде декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі - СТК) Web-қосымшасы арқылы мына мекен-жай бойынша беруге болады: http://cabinet.salyk.kz немесе СЕӨЖ АЖ клиенттік қосымшасын пайдалана отырып, салық төлеушілер үшін СЕӨЖ АЖ электронды түрде СЕӨЖ өткізудің баламалы тәсілі ретінде іске асырылады.

Осы ақпараттық жүйені және жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын https://kgd.gov.kz/ru/section/sono сілтемесі бойынша жүктеуге және танысуға болады.

Интернетке кіруге мүмкін болмаған жағдайда,  әрбір аумақтық  мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің терминалдары бар  компьютерлерден  жіберу керек.

Салық есептілігін тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйелерге жүктеме жоғары болып, декларацияны тапсыру процесі айтарлықтай қиындайтындықтан,  декларацияны соңғы күндерге қалдырмай, алдын-ала тапсыруға кеңес береміз.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)