Жарияланған күні: 21.01.2021 20:05
Өзгертілген күні: 22.01.2021 12:44

«ЕАЭО шеңберіндегі экспорттық операциялар кезінде ЭШФ жазып беру мәселесін шешу бойынша МКК шаралар қабылдануда»

 

Нұр-Сұлтан қ.                                                                      2021 жылғы 21 қаңтар

 

 

Құрметті сыртық экономикалық қызметке қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап ДСҰ алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру проблемасы туындағанын хабарлайды.

ЭШФ жазып беру мүмкіндігі қайта жаңартылғанға дейін тауарға ілеспе жүкқұжаттарды куәландыру үшін тіркелген ТІЖ деректеріне сәйкес ЭШФ нысаны бойынша қағаз жүзінде шот-фактура қалыптастыру қажет.

Экспортаушының тіркелеген жеріне қарамастан қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшірмелерін куәландыру, аудандық мемлекеттік кірістер Басқармаларында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері куәландыру бойынша тиісті рәсімдерді жедел жүргізуге бағытталған, сондай-ақ қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшірмелерін тікелей Мемлекеттік шекарада куәландыру сұрағы пысықталуда.

ЭШФ куәландыру, Мемлекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ РФ аумағында проблемалық мәселелер туындаған жағдайда +7 701 707 14 11 телефоны бойынша хабарласу қажет.