Жарияланған күні: 23.11.2022 17:02
Өзгертілген күні: 23.11.2022 20:11

  ЕАЭО сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесіндегі өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру

     ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” алаңында өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов ЕАЭО сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесіндегі өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру туралы айтып берді.

     Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика кешенін дамыту мәселесі өзекті екені атап өтілді.

     Бұл мәселедегі маңызды рөлдердің бірі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына берілген. Бағдарлама еліміздің көліктранзит секторының жетекші рөлін бекемдеуге арналуы керек.

     Орталық Азия елдері арасындағы белсенді сауда-экономикалық қатынастар Қазақстанның транзиттік және экспорттық-импорттық мүмкіндіктерін дамыту үшін алғышарттар жасайды.

     Қазақстан көрші елдермен сауда қатынастары әлеуетін дамытуды көздейді.

     Кедендік формальдылықты оңайлатуда өткізу пункттерінің физикалық инфрақұрылымының жай-күйі маңызды болып табылады. Елде заңдар мен ақпараттық жүйелер үздік бола тұра, шекара маңындағы инфрақұрылым әлсіз болса, жалпы сыртқы сауданы дамыту үшін көздегендей нәтиже болмайды.

     Қойылған міндеттерді толыққанды іске асыру үшін автожолдар мен өткізу пункттерін қайта жаңартудың инфрақұрылымдық мәселелерін шешу қажет.

     Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын (ҚР ПП 31.08.2021 ж. №585) бекітті, онда 2024 жылы өткізу пункттерін жаңғыртуды және техникалық жете жарақтандыруды аяқтау көзделген.

    Бірінші. ЕАЭО кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде 14 автомобиль өткізу пункті орналасқан, оның 2-уі жаяу жүргіншілерді оңайлатылған тәртіппен өткізуге арналған. 6 теміржол («ҚТЖ» ҰК» АҚ теңгерімінде).

    Соңғы онжылдықта шекарадан өтетін жүк пен жолаушылар ағыны айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, күн сайын шекарада бақылау қызметтерінің өкілдері жұмыс істейтін көптеген ғимараттар бірнеше ондаған жыл бұрын салынған. Өткізу пункттерін соңғы қайта құру 2011 жылы жүргізілді.

    Сондай-ақ, өткізу пункттерінің қолданыстағы технологиялық жабдықтары көбінесе қазіргі заманға сәйкес келмейді, технологиялық жабдықтарды соңғы сатып алу да 2011 жылы жүргізілді.

    Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған басым міндеттердің бірі өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық міндеттерін шешу болып табылады.

    Екінші. 2018 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында МЖӘ механизмі арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан жаңа «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді.

    Өткізу пункті Орта Азиядағы ең ірі және технологиялық жағынан озық болып табылады. 

    Пункт жұмыс күні 2,5 мың көлік құралын және 15 мың жеке тұлғаны жұмыс күндері қозғалыстың екі бағытында, оның ішінде жүк көлік құралдары – 2 200 бірлік, жолаушылар көлік құралдары (автобустар мен жеңіл автомобильдер) – 300 бірлік тасымалдауды көздейді.

   Өткізу пункті жұмыс істеген уақыт ішінде 209 432-ден астам (2018 жылғы қазаннан 2022 жылғы қазанға дейін) көлік құралдары өтті, 223 356 млн.теңгеден астам кедендік баждар мен салықтар түсті. Ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда 4 жыл ішінде (127 264 АКҚ және 40 864 млн.тг. КТменС) көлік саны 1,6 есе өсті, төлемдер түсімі 546,6%-ға өсті.

   2020 жылы бюджет қаражаты есебінен «Б. Қонысбаев» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылып, оның аумағы 2 есеге жуық (3,6 гектардан 6 гектарға дейін) кеңейтілді.

   Өткізу пункті қазақ-өзбек шекарасындағы ең ірі пункттердің бірі болып табылады. 

   Пункт тәулігіне 1,5 мың көлік құралын және 10 мың жеке тұлғаны қозғалыстың екі бағытында, оның ішінде жүк көлік құралдары – 1 мың бірлік, жолаушылар көлік құралдары (автобустар мен жеңіл автомобильдер) – 500 бірлік өткізуді көздейді.

   Өткізу пунктінің жұмыс істеуі кезінде (2019 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қазанға дейін) 230 525-тен астам көлік құралы  өтті, 3 248 млн.теңгеден астам кедендік баждар мен салықтар түсті.

   Өткізу пункттерін жобалау кезінде Комитет өткізу пункттерін жайластыру бойынша халықаралық сарапшылардың ең озық технологиялық шешімдері мен ұсынымдарын ескерген.

   Үшінші. Ағымдағы жағдай туралы.

   Бүгінгі күні Қазақстан тарапынан Өзбек шекарасындағы өткізу пункттерінің алдында автокөлік құралдарының күн сайын жиналуы байқалады, қарбалас кезеңдерде бұл көрсеткіш 300 бірлікке дейін жетеді.

   Қытай шекарасында, бүгінде пандемияға байланысты көлік құралдарын өткізу әлі де шектеулі, осыған байланысты жүргізушілер өз кезегін апталап күтеді.

   Өткізу пункттерінде техникалық бақылау құралдары жабдықтарының 70%-дан астамы ескірген (ИДК, рентген аппараттары, таразы жабдықтары), инфрақұрылымның өзі өсіп келе жатқан ағынның біркелкі және жедел өткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

   Өзбекстан Республикасы да өткізу пункттерін жаңғыртуды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айта кету керек, сол үшін екі Үкімет арасында өткізу пункттерін, автомобиль жолдарын қайта құру және жаңғырту және Қазақстан-өзбек шекарасындағы іргелес аумақты жайластыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды.

   Тараптар өткізу пункттерін бір мезгілде жаңғырту жөніндегі іс-шараларды талқылау бойынша екіжақты кездесулерді тұрақты өткізуде.

   Жүргізілген жаңғыртулардың оң әсерін, көлік ағынының өсуін және төлемдердің түсуін ескере отырып, МКК 2022 жылдан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль, 1 теміржол өткізу пунктін және Астана қаласындағы ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасын жаңғыртуды және техникалық жете жарақтандыруды бастады.

   Барлық 9 автомобиль өткізу пункті бойынша жобалау компаниясы жобалау-сметалық құжаттама әзірледі, мемлекеттік сараптаманың қорытындылары алынды. Әрбір нысанды қайта құрудың жоспарланған мерзімі – 19 ай.

   Қазіргі уақытта «Достық» автомобиль өткізу пунктінің құрылысы және «Достық» теміржол өткізу пунктін техникалық жабдықтау басталды.

   2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Өзбекстан тарапымен келісім бойынша «Қапланбек» (ҚР) және «Зангиота» (ӨР) автомобиль өткізу пункттерін қайта құруды бастау жоспарланып отыр, халықтың тығыз орналасуына және қолайлы жағдайдың болмауына байланысты толық жабылады.

   Қалған өткізу пункттерін қайта жаңартуды жабусыз, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып, жүргізу жоспарлануда. Барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

   «Өткізу пункттерін жаңғырту» жобасы «жылдамдық, тиімді бақылау, қауіпсіздік, жайлылық» қағидаттарына негізделген.

   Барлық өткізу пункттері Мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан азаматтары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағдарланған.

   Жолаушылар терминалдарында, сондай-ақ жүк АКҚ жүргізушілеріне арналған тұрақта халықаралық әуежайларға  ұқсас барлық қажетті жағдайлар (асханалар, дәретханалар, ана мен бала бөлмелері және т.б.) көзделетін болады.

   Өткізу пункттерін қозғалыс ағындарын міндетті физикалық бөлумен (қозғалыс сызықтарын кесіп өтпей), бақылау құралдарын орналастырудың фронтальды сипатымен жабдықтау жоспарлануда.

   Көлік құралдарын өткізудің  барлық циклін автоматтандырумен, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысына арналған Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздері орнатылатын болады.

   Жобаны іске асыру шеңберінде өткізу қабілетін 8 есеге дейін ұлғайтылатын (тәулігіне 1000-нан 8400 КҚ-ға дейін), уақытты қысқартылатын (2 сағаттан 25 минутқа дейін) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылатын болады.

   Сондай-ақ, ЖАО-мен бірлесіп өткізу пункттерінің алдында тұрақтарды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, "Достық" автомобиль өткізу пунктінің алдында "ҚазАвтоЖол" АҚ 2023 жылы 200 АТС тұрақ салу жоспарлануда.

   Биылғы жылы тауарлардың ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өтуін бақылауды бір жерде біріктіру және Ахуалдық орталық пен Электрондық декларациялау орталығының базасында кедендік декларациялардың орталықтандырылған шығарылуы  үшін Бас диспетчерлік басқарма құрылды.

   Ахуалдық орталық нақты уақыт режимінде ИДК рентген-суреттерін талдауды және кедендік жете тексерулер жүргізу процесін сүйемелдеуді жүзеге асырады.

   Электрондық декларациялау орталығы тауарлар шығарылғанға дейін тауарлардың құнын бақылауды, жеңілдіктер мен преференцияларды қолданудың негізділігін және бақылау аяқталғаннан кейін кедендік декларацияларды шығаруды жүзеге асырады.

   Жалпы, Ахуалдық орталық 4,5 мың бұзушылықты анықтады, 15,5 млрд.теңге сомасында кедендік төлемдер өндірілді, кедендік тексерулердің тиімділігі 2 есеге артты.

   ЭДО құрылған сәттен бастап қосымша 38 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді (1 түзетуден орташа өндіріп алу 823 мың теңгені құрайды немесе 3 есе (321 мың теңгеден)).

   Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 23 қарашадан бастап Қытаймен шекарада "Достық" автомобиль өткізу пунктінде ("Алашанькоу" шекаралас өткізу пункті) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесін пилоттық іске қосу жоспарлануда.

   Ол үшін мемлекеттік органдар Қазақстаннан шыққан кезде автомобиль көлік құралдарын өткізуді ұйымдастырудың уақытша схемасын бекітті. Ағымдағы жылдың 23 қарашасынан бастап мұнда Qoldau.kz платформасының немесе "Сargoruqsat" мобильді қосымшасының (IOS немесе Android) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі пайдаланылатын болады.

   Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

   Жүйені ҚР Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ мамандары әзірледі. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген порталда немесе мобильді қосымша арқылы тіркелгеннен кейін жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші өз кезегі туралы SMS-хабарлама алады.

   Пилоттың қорытындысы бойынша Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша электрондық кезек жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.

   Шекарадан өтуге байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың көптеген түрлері орталықтандырылатын болады. Тауарлар мен көлік құралдарын шығару туралы шешім орталықта және шектеулі уақыт аралығында қабылданады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша толыққанды бақылау және азайту үшін жасалады.

   Өткізу пункттерін жаңғырту және электрондық кезек жүйесін енгізу аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің барлық инфрақұрылымдық мәселелері шешіледі, шекарадан өтудің қолайлы болуына және бақылауды жеделдетіп жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады.