Жарияланған күні: 30.06.2016 16:59
Өзгертілген күні: 30.06.2016 18:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз-релизі

Экономика индустрияландырудың бөлігі ретінде «Постфактум» кедендік тазарту

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 40-қадамын - «Постфактум» кедендік тазарту режимін енгізу». СЭҚ-қа қатысушылардың жекелеген санаттарына тауарға арналған декларацияны бергенге дейін тауарды шығару мүмкіндігін ұсыну» іске асыру жұмысына арналған брифинг өтті.

Комитеттің Басқарма басшысының орынбасары Арман Жалитов өз сөзінің басында - «Постфактум» кедендік тазартуы республика экономикасын индустрияландырудағы орны ерекше екенін атап өтті. Оның сөзі бойынша Индустрияландыру - экономика өндірісіндегі өнеркәсіптің басымдығымен индустриялық дамудың дәстүрлі кезеңінен жылдамдатылған әлеуметтік-экономикалық процеске өту.

Брифинг барысында Комитеттің сарапшылары мынаны атап өтті: «Кедендік тазарту режимінің мәні оның атауында бейнеленген. Біз іс жүзінде шетел тауарларын айналымға шекарадан өткен бойда шығарып, ал декларацияны кейін қабылдауға дайындалып жатырмыз».

Комитет сарапшыларының сөзі бойынша мұндай режим алғашқы кезеңде белгілі бір критерийлерге сәйкес келетін импорттаушыларға қол жетімді болады. Мұндай критерийлер бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп анықталатын болады.

«Қойылған міндеттерді іске асыруда Қазақстан Республикасы тұжырымдамалық түзетулер пакетінде ЕЭО Кеден кодексінің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жолдады» - деп хабарлады А. Жалитов.

ЕЭО мүше мемлекеттердің Тараптарымен ЕЭО Кеден кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі келіссөздер процесінің отырыс қорытындысы бойынша «Постфактум» режимінде кедендік тазартуды жасау көзделетін, сондай-ақ Уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесіндегі СЭҚ-қа қатысушылардың тізбесін кеңейту бөлігінде ЕЭО КК жобасы ережелерінің редакциясы пысықталды.

Сарапшылар брифинг барысында, қазақстандықтар «Постфактум» кедендік тазарту режимін ЕЭО КК бекітілгеннен және күшіне енгеннен кейін бағалай алатынын айтты. ЕЭО КК жобасын дайындау бойынша жұмыс жеделдетілген, оған қол қою 2016 жылғы 28 қазанға дейін жоспарланған.

Арман Жалитов мұндай режимнің енгізілуі Комитеттің жұмысында клиентке бағдарланған моделін қабылдаудан және салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларына сенімді қатынас басымдылығы белгіленгеннен кейін мүмкін болғанын атап сөзін аяқтады.

 

Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне

pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.