Жарияланған күні: 22.11.2018 18:31
Өзгертілген күні: 29.11.2018 16:01

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Енді аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне «WhatsApp» мессенджері арқылы сұрақ қоюға болады

 

2018 жылдың 22 қарашасынан бастап жеке тұлғалар аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне салықтың есептелуі, төленуі, пайда болған қарыздары бөлігінде жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарды «WhatsApp» мессенджері арқылы қоя алады.

Жеке тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша (көлік салығы бойынша) немесе жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша (мүлік, көлік) хабарласу қажет.

Бүгінгі таңда  «WhatsApp» мессенджерлері келесі аумақтарда іске қосылды:

Астана қаласында 8-702-601-37-97 нөмірі бойынша;

Алматы қаласында 8-707-847-52-01 нөмірі бойынша;

Алматы облысында 8-701-976-67-76 нөмірі бойынша;

Шымкент қаласында 8-778-691-76-15 нөмірі бойынша;

Түркістан облысында 8-771-898-92-55 нөмірі бойынша;

Қызылорда облысында 8-776-444-44-22 нөмірі бойынша;

Батыс Қазақстан облысында 8-700-086-60-01 нөмірі бойынша;

Ақмола облысында 8-701-596-72-44 нөмірі бойынша;

Шығыс Қазақстан облысында 8-701-602-73-44 нөмірі бойынша;

Солтүстік Қазақстан облысында 8-707-363-64-08 нөмірі бойынша;

Қарағанды облысында 8-771-194-01-04 нөмірі бойынша;

Жамбыл облысында 8-708-455-71-61 нөмірі бойынша;

Павлодар облысында 8-707-612-97-76 нөмірі бойынша;

Қостанай облысында 8-747-467-02-09 нөмірі бойынша;

Атырау облысында 8-775-918-26-58 нөмірі бойынша;

Ақтөбе облысында 8-775-593-10-01 нөмірі бойынша;

Актобе қаласында 8-747-755-02-20 нөмірі бойынша;

Ақмола облысының Целиноград ауданында 8-701-596-72-44 нөмірі бойынша.

Жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарды жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдың 19 қарашасынан бастап жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып  жүрген сұрақтарына жеке тұлғалар жедел жауап беру үшін «WhatsApp» мессенджерін қосқан болатын. Мемлекеттік кірістер комиттетінде мессенджер 8-776-136-41-32 нөмірі бойынша жұмыс жасайды.

Қосылған уақыттан бастап үш тәулік ішінде  800-ден астам сұрақтар келіп түскен, оның ішінде 90%-ына жауаптар берілді.

Жауап берілмеген сұрақтар бойынша мәселелер аумақтық департаменттермен жұмысқа алынған. Осындай сұрақтар бойынша жауаптар кешірек беріледі.

Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электрондық үкімет» порталы «Салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы ақпарат» электронды сервисі арқылы онлайн режимінде ЖСН бойынша салықтық берешектің болуы / болмауы туралы ағымдағы ақпаратты алуға болады.

Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет ресурсында сервис («Электрондық сервистар - Экспресс көмек - Электрондық сервистар - «Калькуляторлар» - «Автокөлік салығын есептеу») іске қосылған. Осы сервис арқылы салық төлеушінің ЖСН сәйкес автокөліктерге салық мөлшерін онлайн режимінде алуға болады. Бұл сілтеме арқылы жеке тұлғалар көлік салығының сомасын біле алады. 2018 жылға көлік салығын төлеу мерзімі - 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей. Салықты тұрғылықты жері бойынша төлеу қажет.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)