Жарияланған күні: 18.01.2021 18:44
Өзгертілген күні: 18.01.2021 18:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Ипотекалық несиелер бойынша салық жеңілдіктері

 

Жеке тұлғаның екінші деңгейлі банктерден (Отбасы банкінен басқа) алған несиесі бойынша сыйақы мөлшеріндегі салық шегерімдерін қолдануы 2025 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды.

 

Тиісті түзетулер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 382-VI Заңымен енген.

Қазіргі уақытта жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде сыйақыға салықтық шегерім тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан («Отбасы банкі») алған несие бойынша қолданылады.