Жарияланған күні: 13.05.2022 17:13
Өзгертілген күні: 13.05.2022 17:14

Қазақстанда ақ қантты және құрақ қанты шикізатын сыртқа әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауары болып табылатын қант тапшылығының пайда болуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ақ қантты және құрақ қанты шикізатын Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізеді.

 «Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/167498/rus бұйрыққа сілтеме) 2022 жылғы 23 мамырдан бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 23 қарашаға дейін қолданылады.

Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататынын хабарлаймыз.