Жарияланған күні: 30.03.2020 18:27
Өзгертілген күні: 30.03.2020 18:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

30 наурыз  2020ж.                                                                                      Нұр-Сұлтан қ.

 

Қаржы министрлігі елге азық-түлік кіргізу рәсімін барынша жеңілдетті

 

ҚР Қаржы министрлігі елге азық-түлік кіргізу шараларын барынша жеңілдетті. Импортталатын азық-түліктерді жеткізу үшін "жасыл дәліз" жұмыс істеуде. Кедендік кедергілер жойылып,  тексерістер мен тауарлардың құнын бақылау рәсімдері алынып тасталды. 

Сондай-ақ, 2020 жылдың 22 наурызынан бастап ҚР Үкіметімен жекелеген тауарларды*** (қарақұмық, ұн, қант, картоп, сәбіз, шомыр, қызылша, пияз, орамжапырақ, күнбағыс дәні, күнбағыс майы) Қазақстаннан шығаруға тыйым салынды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл тауарларға экспорттық кедендік бақылауды күшейтіп, "АСТАНА-1" электронды декларациялаудың ақпараттық жүйесінде оларды экспорттауға тыйым салдыны.

(***Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне таратылмайды).

ҚР Қаржы министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен шешімі бойынша әдеттегі жүйе бойынша жұмыс істейтін жүк өткізу бекеттері белгіленді (қалған бекеттердің жұмысы төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатылды).

Осылайша, Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасында "Нұрлы жол" және "Достық" өткізу бекеттері (автокөліктер үшін) жұмыс істеуде.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында: "Қазығұрт", "Қапланбек", "Б.Қонысбаев",  "Атамекен", "Тәжен" бекеттері. 

Түркіменстан мен Қазақстан арасында: "Темір баба" бекеті. 

Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында "Қайрақ", "Жаңа жол",  "Қарақоға", "Шарбақты",  "Үрлітөбе",  "Қосақ", "Ауыл", "Үбі", "Жайсаң", "Әлімбет", "Сырым",  "Құрманғазы",  "Тасқала",  "Жәнібек" бекеттері жұмыс істеуде. 

Барлық халықаралық шекара бекеттеріндегі өткізу пункттерінде санитарлы-карантиндік бақылау күшейтілген. Атап айтқанда: санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары жұмылдырылған,  өткізу бекеттері жылу сезгіш құралдар және пирометрлермен жарақтандырылған,  науқас адамдар анықталған жағдайда, оларды уақытша оқшаулауға арналған ем-шаралық бөлмелер қарастырылған.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес береміз:

https://www.kgd.gov.kz

https://www.facebook.com/kgd.gov.kz

https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd

https://twitter.com/KGD_MF_RK

https://t.me/kgdmfrk

https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome

Төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында «Біз туралы»/ «Халықпен жұмыс»/ «Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары»  жолы бойынша, сондай-ақ  https://kgd.gov.kz/sites/default/files/telefonnye_nomera_kc.docx сілтемесі бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:

WhatsApp:  +7 775 848 67 97

WhatsApp: +7 776 136 41 32

WhatsApp: +7 705 559 12 33

WhatsApp: +7 705 559 12 39

e-mail: Contact-center-kgd@mail.ru

https://t.me/KGDMFRK1414

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

8 (7172) 71 85 56,

71 71 16, 70 99 40