Жарияланған күні: 08.09.2022 12:22
Өзгертілген күні: 08.09.2022 14:43

Ағымдағы жылғы 7 қыркүйек күні Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырумен, Қаржы министрлігі комиттерінің қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесіне және ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап конкурс өткізілді. Іс-шараны Мемлекеттік кірістер комитетінің Кадрлар және ішкі әкімшілік департаментінің директоры Ғани Аманов ашты.

Қазылар алқасы келесі женімпаздарды құттықтады:

- Саламат Бейсе - Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Камералдық бақылау басқармасының бас сарапшысы, А.Байтұрсынұлының «Жұртыма» деген өлеңін және М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтып, 1-орын алды;

- Кемел Алтынбеков - Қазынашылық комитетінің сарапшысы, М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтып, 2-орын алды;

- Сәбина Пішембаева - Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қызметті қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, А.Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа айтып, 3-орын алды.

Сонымен бірге, 1, 2, және 3-орын алғандарға Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының алғыс хаттарымен қоса А.Байтұрсынұлының кітаптары сыйға берілсе, қалған қатысушылардың барлығына А.Құнанбайдың, А.Байтұрсынұлының және М.Әуезовтын кітаптары сыйға тартылды.