Жарияланған күні: 17.01.2024 19:01
Өзгертілген күні: 17.01.2024 20:10

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасы электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу туралы шешімді жолдау тәсілдері бөлігінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-1-бабына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14897147) 2024 жылдың 17 қаңтарында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды жүргізу мерзімі – 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін.