Жарияланған күні: 21.10.2022 17:54
Өзгертілген күні: 21.10.2022 17:56

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Оңалту және банкроттық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 469 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 38 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  бірлескен бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және  «Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48  бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, оған сәйкес  оңалту және банкроттық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қайта қаралды, атап айтқанда объективті критерийлер бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жататын бақылау субъектілерінің қызмет бағыттарының тізбесі толықтырылды, субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіштерінің шекаралары айқындалды, тәуекелдің барлық дәрежелері үшін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың кезеңділігі белгіленді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 19 қазанында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 3 қарашаға дейін.