Жарияланған күні: 21.09.2018 16:02
Өзгертілген күні: 21.09.2018 16:04

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасы туралы

 

Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасы әзірленген.

Заң жобасының мақсаты болып дәрменсіздік жүйесінің тиімділігін көтеру болып табылады.

Заң жобасымен мыналар ұсынылады:

1. бизнес субъектілері оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану жағдайларын жеңілдету мақсатында:

- банкроттықты «теріс» баланс фактісі негізінде қолдану (міндеттемелер активтерден асқан жағдайда);

- оңалту рәсімін төлемеу фактісі орын алғанда «оң» баланс жағдайларда (активтер міндеттемелерден асқан жағдайда) қолдануды енгізу.

2. Банкроттық рәсімдерді өткізу мерзімін қысқарту мақсатында:

- кредиторлар жиналысының құзыретіне кіретін бір қатар мәселелерді мобильді кредиторлар комитетіне табыстау;

- басқарушылар тарапынан банктік құпияны құрайтын ақпаратты ату тәртібін жеңілдету;

- кредиторлармен талаптарды тек ғана талап ету мерзімі шегінде талаптану;

- әдейі, жалған банкроттық үшін жауапкершілікке тарту тәртібін өзгерту көзделуде.

3. Ұзақ уақыт әрекет жасамаған борышкерлерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату.

4. Субсидиарлық жауапкершілікке номиналдық лауазымды тұлғаларды емес, нақты борышкерді банкроттыққа жеткізген кінәлі тұлғаны тарту.

Заң жобасы 2018 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілген.

Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізу мерзімі – 2018 жылғы қараша.

Заң жобасы www.minfin.gov.kz веб-сайтында және http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жарияланған.

Сіз, өз ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің aualieva@mgd.kz, emotovilova@mgd.kz, msisembaeva@mgd.kz электрондық мекен-жайларына жолдауларыңызға болады.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)