Жарияланған күні: 03.12.2020 18:00
Өзгертілген күні: 03.12.2020 18:02

Ел азаматтары салықтық рақымшылық аясынды 7,6 млрд.теңге көлеміндегі салықтық қарыздарды төледі. Өсімпұлды пұлдарды есептен шығару мүмкіндігін 560 458 адам пайдаланды. Есептен шығарылған өсімпұлдың мөлшері 874,5 млн теңгені құрады, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша 613,7 мың азаматтың көлік салығы бойынша 17 млрд теңге қарызы бар. Борышкер-автокөлік иелерінің 90,4% -ның 50 мың теңгеге дейінгі қарыздары бар. Салықтың осы түрі бойынша ең үлкен қарыз (4 млн. теңгеден астам) осы санаттағы борышкерлердің жалпы санының тек 0,003% құрайды.

Тағы 2,3 млрд теңге қарызды 777,8 мың жеке тұлға мүлік салығы бойынша жинады. Борышкерлердің көпшілігінің, атап айтқанда 66,3% -ның ел бюджеті алдындағы қарыздары 1000 теңгеден аспайды. Алайда, салықтың бұл түрі бойынша қарызы миллионнан асқандар бар. Елде осындай 33 адам ғана бар (осы санаттағы борышкерлердің жалпы санының 0,004%).

Жер салығы бойынша 15 адамның бір миллионнан астам қарызы бар (осы санаттағы барлық борышкерлердің 0,002%). Ал, мемлекетке 1000 теңгеден аз қарызы барлар - 528,6 мың адам немесе 92,6%.

 

         Салық бойынша статистика:

Салық түрі

Шекті көрсеткіш

Борышкер

саны

Қарыз сомасы, теңге

Көлік салығы

50 мың теңгеге дейін

554 629

     7 529 898 081  

50 мыңнан 100 мыңға дейін

35 650

     2 421 185 085  

100 мыңнан 500 мыңға дейін

20 587

     4 007 394 277  

500 мыңнан 1 млн.дейін

1 777

     1 198 949 193  

1 млн.нан  2 млн.дейін

784

     1 110 677 312  

2 млн.нан  3 млн.дейін

249

        575 864 881  

3 млн.нан 4 млн.дейін

18

          60 439 530  

4 млн. аса

22

        112 512 505  

Жер салығы

1000 теңгеге дейін

582 587

        122 348 914  

1000 теңгеден 10 мыңға дейін

35 555

        109 964 126  

10 мыңнан 100 мыңға дейін

10 451

        203 772 793  

100 мыңнан 1 млн.дейін

200

          37 006 195  

1 млн. аса

15

          71 588 926  

Мүлік салығы

1000 теңгеге дейін

515 677

        155 818 352  

1000 теңгеден 10 мыңға дейін

229 119

        657 919 409  

10 мыңнан 100 мыңға дейін

30 073

        818 592 657  

100 мыңнан 1 млн.дейін

2 908

        582 193 049  

1 млн. аса

33

          47 001 766  

 

Естеріңізге сала кетейік, өсімпұлдарды есептен шығару акциясы басталған кезде 1,5 млн. жеке тұлға бойынша жалпы қарыз 24,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде негізгі қарыз сомасы 20,3 млрд теңге, өсімпұл 4,3 млрд. теңге.

МКК жыл соңына дейін салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша рақымшылық қолданылатынын еске салады.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі-2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды.

Салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web  сілтемесі бойынша, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.