Жарияланған күні: 19.10.2020 14:52
Өзгертілген күні: 19.10.2020 14:52

          2020 жылғы 13 – 15 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Орталық кеден зертханасымен бірлесіп «Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу тәртібі» тақырыбына Polycom БКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу бөлігінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің білімін жетілдіру.

Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

А.ж. 14 қазанында іс-шара Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы өтті, онда дәріскер ретінде Орталық кеден зертханасының Шымкент қаласындағы техникалық және материалтану бөлімінің басшысы Досан Қалтайұлы Тансыбек қатысты.

Қатысушылар кедендік сараптама тағайындау тәртібі, кедендік сараптама жүргізу тәртібі, қосымша кедендік сараптама, қайталама кедендік сараптама, кедендік сараптама жүргізудегі туындаған мәселелермен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша 70 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.