Жарияланған күні: 05.05.2022 18:18
Өзгертілген күні: 11.05.2022 10:02

 

Көлеңкелі бизнес-күмәнді алкоголь

 

 Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен  алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мақсатында, жүргізілген  тексеру барысында көтерме саудамен айналысатын дара кәсіпкер Б.К. қоймасынан шығу тегі белгісіз есептік-бақылау маркалары жапсырылған 648 дана алкоголь өнімдері анықталды.

Барлық заңсыз алкоголь өнімдері көлеңкелі айналымнан алынып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.