Жарияланған күні: 12.10.2018 09:48
Өзгертілген күні: 12.10.2018 09:49

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қораптағы кәмпиттерді сыйға тартқаны және ақшалай сыйақы бергені үшін 9 тұлға әкімшілк жауапкершілікке тартылып, оларға 2,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған 

 

2018 жылдың басынын бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен (ары қарай – ҚР ҚМ МКК), мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, салық және кедендік әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және мемлекеттік қызметті көрсету салаларындағы алдын алу шараларымен қатар, «тұрмыстық жемқорлық» деп аталатын көріністердің алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. 

Жеке жағдайларда, салық төлеушілер және мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан лауазымды тұлғаларға заңсыз сыйлық сыйлау, сондай ақ 2 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы беру орын алуда. Аталған бағытта, ҚР ҚМ МКК-мен тұрақты түрде және барлық деңгейде жұмыс атқарылуда, осы салада ұйымдастырылған профилактикалық іс – шара барысында мемлекеттік кірістер органдарының тұрғындармен қызмет бабында байланысып отырған жеке құрамына ерекше назар аударылуда (аудандық, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармалары, Кедендік рәсімдеу орталықтары және т.б.).

2018 жылдың басынын бастап Ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен лауазымды тұлғаларға заңсыз сыйлық сыйлау, сондай ақ екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы берудің 12 фактісі әшкереленді.

Атап айтқанда, кораптағы кәмпиттерді сыйға тартудың 3 фактісі, 500-3000 теңге соммадағы ақшалай сыйақы берудің 9 фактісі.

Бүгінгі күнге, 9 тұлға әкімшілк жауапкершілікке тартылып, 2,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Одан басқа, 3 әкімшілік өндірістің құжаттары өндірісте болып қарастырылуда.

ҚР ҚМ МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасы мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жататынын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін екені туралы назарларыңызға жеткізеді.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғаларының заңсыз іс- әрекеттері туралы Астана қаласы Бейбітшілік даңғылы,10 мекен-жайында орналасқан ҚР ҚМ МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасына  немесе  8(7172)709820 және  1412 Call-орталықтың нөміріне, сонымен қатар https://kgd.gov.kz ресми сайтында орналасқан мекен-жайлар мен телефондар арқылы аумақтық бөлімшелеріне хабарламаны жолдауға  болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)