Жарияланған күні: 17.10.2018 14:24
Өзгертілген күні: 17.10.2018 14:29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астана қаласы                                                                                                                       2018 жылдың 17 қазаны

 

Баспасөз релизі

 

ҚР аумағына темекі өнімдерін заңсыз алып келу үшін қылмыскерлер Түркістан және Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлерін 428 мың АҚШ доллары парасымен сатып алғысы келген

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі - Комитет) 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша органның қызметін қорытындылады.

Ағымдағы жылы да, өткен жылдағыдай, сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын көтеруге негізгі екпін койылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқамалар мен тәртіп стандарттарының сақталуы мен орындалуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар бүгінгі таңда өзінің оң нәтижесін беруде.  

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары өздерін пара алуға итермелеу туралы Комитеттің ішкі қауіпсіздік бөлімшелеріне бұрынғыдан жиірек жүгінетін болды.

Ағымдағы жылдың 9 айында барлығы Комитеттің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына пара берудің барлығы 21 фактісінің жолы кесілді, ұсынылған параның жалпы сомасы 157 млн. теңгені құрады.

2017 жылы жалпы сомасы 1 млн. 265 мың теңге сомасына пара берудің 9 фактісінің жолы кесілгенін атап өткен жөн.

Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін заңсыз алып келу схемасының жолы кесілгенін атап өтуге болады.

Алғашында темекі өнімдерін алып келуді мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне жалған ақпараттарды енгізу арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында жолға қою жоспарланса, одан әрі Алматы облысында жүзеге асыруды жоспарлаған.

Өздерінің заңсыз мақсаттарына жету үшін қылмыс жасап отырған кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын параға сатып алу бойынша қадам жасаған. Түркістан облысы бойынша МКД қызметкерлеріне 128 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара ұсынылса, Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлеріне бірінші жағдайда 100 мың АҚШ доллары, одан әрі 200 мың АҚШ доллары ұсынылған.

Дегенмен, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері пара алуға итермелегені туралы өтінішпен жүгінген, Комитеттің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен барлық фактілердің жолы кесілді.

Осылайша, жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде ҚР аумағына темекі өнімдерін заңсыз алып келу каналының жолы кесілді.

Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша іс-шаралар одан әрі де жүргізілетін болады.

Сонымен бірге, Комитет азаматтардың назарына,  сомасы 2 АЕК-тен аспайтын сыйлықтарды сыйлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік, ал сомасы 2 АЕК-тен асатын сыйлықтарды сыйлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын жеткізеді.

Одан басқа, Комитет мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерін туралы ақпаратты ҚР ҚМ МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасына және ішкі қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ мына телефондарға: 8 (7172) 709820, Call-орталық – 1412, 8-800-080-64-52 хабарлауға болатын назарыңызға жеткіземіз.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)