Жарияланған күні: 25.07.2017 18:16
Өзгертілген күні: 27.07.2017 12:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың мамырында кедендік өкілдер тізіміне қосу туралы өтініштерін қарастыру барысында кедендік баж бен салықтарды қамтамасыз ету бойынша жалған сақтандыру келісім шарттарының (сақтандырушы - «KOMPETENZ» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Алматы филиалы). ұсынылу фактілерін анықтады. 

Аталған келісім шарттар келесі заңды тұлғалармен ұсынылған: «DISTORG» ЖШС, «МБ-АККАЙНАР ЛОГИСТИКС» ЖШС, «Sector Cargo Service» ЖШС.

Осыған байланысты аталған факт бойынша 2017 жылдың 14 маусымында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 385 бабы бойынша (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) қылмыстық ісін тіркеді. Бұл іс бұдан әрі Алматы қаласының Прокуратурасына жіберілді.

2017 жылдың 19 маусымда Алматы қаласының Прокуратурасы қылмыстық істің материалдарын Алматы қаласы бойынша Ішкі істер департаментіне әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін жіберді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)