Жарияланған күні: 04.10.2018 18:47
Өзгертілген күні: 04.10.2018 18:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

Астана қаласы                                             2018 жылғы 4 қазан

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Салықтық әкімшілендірудің жеке мәселелері: жер қойнауын пайдалануға баламалы салық, көлденең мониторинг және көмірді өткізу» тақырыбына брифинг болып өтті

 

Бүгін,  2018 жылдың 4 қазаңында, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «Салықтық әкімшілендірудің жеке мәселелері: жер қойнауын пайдалануға баламалы салық, көлденең мониторинг және көмірді өткізу» тақырыбына брифинг болып өтті.

Спикерлері болып ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Мамандандырылған басқармасының басшысы Құдабаев Шафкат Серікұлы,
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Мамандандырылған басқармасының бас сарапшысы Әбдіқадіров Дархан Мәжитұлы сөз сөйледі.

Брифингте теңіз және аса терең кен орнында көмірсутек шикізатын әзірлеуді ынталандыру мақсатында жер қойнауын пайдалануға баламалы салық (ЖҚПБС) енгізілгендігін спикерлер атап өтті.

Бұл салық қосымша болып табылмайды, бірақ жер қойнауын пайдаланушыға  төлеуге арналған салық міндеттемелерін балама түрде орындауға мүмкіндік  береді:

- пайдалы қазбаларды өндіру салығы;

- үстеме пайда салығы;

- мұнай экспортына рента салығы.

ЖҚПБС салық салу нысаны сыйақы мен айырбас айырмашылығын қоспағанда корпоративтік табыс салығына ұқсас. Мұндай сомалар, КТС қарағанда, шегерілімге қойылмайды.

Яғни ЖҚПБС-ны енгізе отырып, салық ауыртпалығы табысты алу кезінде тікелей ауысып кетті.

ЖҚПБС-ны қолданудың негізгі шарттарының бірі жер қойнауын пайдаланушы оны бір рет және келісімшарттың аяқталуына дейін өзгерту құқығынсыз жасайтындығы болып табылады. Мұндай таңдау жағдайында ол салық органдарын  хабардар етуге міндетті. Сонымен қатар, ЖҚПБС тек жер қойнауын пайдаланудың әрбір жеке келісімшартында ғана жұмыс істейді және осындай шарт бойынша өндірілетін және сатылатын мұнай көлеміне ғана қатысты.

ЖҚПБС есептеу әлемдік мұнай бағасының негізінде белгіленетін салық салу объектісі және мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.

Сонымен бірге сенім, ашықтық және еріктілік принципіне негізделген күшейтілген ақпараттық өзара іс-қимылды деңгейлес мониторингті  кірістіруді  көздейтін Салық кодексінің ережелері 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Әлемнің 30-ға жуық елі салық төлеушілермен өзара іс-қимыл жасау үшін осы жаңа тәсілге көшті.

Осы рәсімнің шеңберінде салық төлеушілер (бастапқы кезеңде – ірілер арасынан) ерікті негізде салық органдарының қызметкерлеріне өздерінің есепке алу құжаттамасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Егер салық заңнамасын бұзу тәуекелдері анықталса, салық органдарының қызметкерлері салық төлеушіге оларды жою туралы ұсынымдарын жасайды және ұсынатын болады.

Осындай ұсыныстарды орындау кезінде салық төлеушіге айыппұл салынбайды және салықтық тексерулер жүргізіледі (қылмыстық-процестік іс жүргізу жағдайларын қоспағанда).

Бұл салықтық тексерулердің санын азайтады және салық органдарының кейінгі талаптары болмаған кезде салық төлеушіге сенім ұялатады.

Бұдан басқа, мұндай салық төлеушілерге қосылған құн салығын автоматты түрде қайтару (90% дейін) жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Мемлекеттік кіріс комитеті көмір бағасының негізсіз өсуіне қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізіледі.

Осы мақсатта, шамамен келесі жылы, көмірді сататын барлық салық төлеушілер ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуіне қарамастан, электронды түрде шот-фактура шығаруға міндетті.

Бүгінде, біз осындай міндеттерді заңнамалық бекіту сұрақтарымен жұмыс жасаймыз.

Нәтижесінде, ары қарайғы шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)