Жарияланған күні: 27.10.2022 18:27
Өзгертілген күні: 27.10.2022 18:30

2022 жылғы 24-26 қазанда Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Министрлер Кабинеті жанындағы Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық ақпараттық-талдау орталығы үшін Израиль Мемлекетіне таныстыру сапары өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов басқарды, олар Израиль Мемлекетінің Мемлекеттік кеден қызметінің озық ұлттық тәжірибесін зерделеу жөніндегі бірлескен жұмысқа қатысты.

Жанәлінов осы жылы Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекетінің екіжақты дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жылдан астам уақыт болғанын атап өтті (1992 жылғы 10 сәуірде белгіленген).

Ынтымақтастық жылдарында Қазақстан мен Израиль арасындағы қатынастар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, инвестициялық және басқа да салаларда тереңдей түсті.

Анықтама үшін:

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2022 жылғы 8 айда Израиль Мемлекеті Қазақстан Республикасымен саудада 25-орынға ие болды (0,6%).

Тауар айналымының көлемі 416,4 млн.долл. құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе көп (190,9 млн.долл.).

Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекетінің екіжақты кездесуі барысында Д. Жанәлінов барлық мемлекеттік кірістер департаменттерінде құжаттар мен мәліметтерді тексеруге ТБЖ негізінде жіберілетін тауарларға арналған декларацияларды бақылауды және шығаруды жүзеге асыратын «Электрондық декларациялау орталығын» (бұдан әрі – ЭДО) құру тәжірибесімен бөлісті.

ЭДО құрудың негізгі мақсаты:

-          тауарлардың кедендік құнын бақылау процесін Комитет деңгейінде орталықтандыру, бұл баға саясаты мен қабылданатын шешімдердің біркелкілігіне әкеледі;

-          тексеруші уәкілетті лауазымды тұлға мен декларанттың байланысын жою, өйткені барлық өзара іс-қимыл ақпараттық жүйе арқылы тек электрондық нысанда жүргізіледі;

-          кедендік декларацияларды қашықтықтан шығару.

Сонымен қатар, Делегация басшысы шетелдік әріптестерін Қазақстан Республикасындағы контейнерлік тасымалдарды бақылау Бағдарламасының нәтижелері туралы хабардар етті. Мәселен, 2021 жылы «Ақтау теңіз порты» және «Алтынкөл жол» кеден бекеттерінде темекіні және «Жетісу» кеден бекетінде есірткі құралдарын ұстау фактілері түріндегі жұмыстың оң нәтижелері бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Америка Құрама Штаттары донорларына және БҰҰ ЕҚБ Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің басшылығына «Контейнерлік тасымалдарды бақылау бағдарламасы» (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде кеден органдарының қызметкерлерін есірткінің және басқа да тыйым салынған тауарлардың заңсыз өткізілуіне қарсы күресте оқыту, арнайы жабдықтар мен аспаптар түрінде техникалық көмек көрсету бойынша атқарған орасан зор жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сөзінің соңында Д. Жанәлінов әріптестеріне алға қойылған міндеттерді табысты іске асыруды тіледі, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастыққа дайын екендіктерін сендірді.