Жарияланған күні: 15.03.2017 09:49
Өзгертілген күні: 15.03.2017 09:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларды және мүдделі тұлғаларды 2017 жылғы 19- 23 наурызға дейін кедендік әкімшілендіру ақпараттық жүйелерінің серверлік жабдықтарын көшіру жұмыстарын (деректер алмасу жылдамдығын күшейту және жүйелердің ақауларын азайту үшін қажетті жұмыстар) жүргізетіні туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңінде «Жедел басқару орталығы» (ЖБО) ақпараттық жүйесі, «Web-декларант» электрондық декларациялау кешені ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік болмайды.

   Комитет техникалық жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)