Жарияланған күні: 12.11.2019 17:54
Өзгертілген күні: 12.11.2019 18:03

Құрметті СЭҚ қатысушылары!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға ҚР ҚМ МКК ресми порталында Порталдың негізгі мәзірінің аттас бөлімінде тауарларды сыныптау туралы қабылданған алдын ала шешімдердің ұлттық жинағы (бұдан әрі - жинақ) орналастырылғандығы туралы ақпаратты жеткізеді.

Жинақ тауарларды сыныптау туралы қабылданған алдын ала шешімдернен алынған ақпаратты қамтиды және ұсынымдық сипатта болады.

Өз кезегінде, жинақта жазылған ақпарат ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау үшін қажетті дереккөздердің бірі болып табылады және тауардың дұрыс кодын анықтауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 48-бабына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің барлық кеден қызметтері қабылдаған тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдер жинағы мүдделі тұлғаға қатысты құпия ақпаратты қоспағанда Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырылған www.eurasiancommission.org.

Келтірілген қадамдық режимде:

«Қызметі Þ Кедендік әкімшілендіру Þ Кедендік ресімдеу Þ Тауарларды сыныптау мен шығарылған жері» сіз ҚР және ЕАЭО-ның нормативтік құқықтық актілері бойынша тауарлардың сыныпталуы мен шығарылған жері тегі бөлігінде өзекті ақпаратты, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды таба алатындығыңыз туралы қосымша хабарлаймыз.