Жарияланған күні: 29.12.2018 13:18
Өзгертілген күні: 29.12.2018 13:19

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР ҰКО) әзірлеуші жиынтығында сынақ тіркеу куәліктерін беруді тоқтатады.

 

Сәйкесінше, осы күннен бастап ЭШФ АЖ сынақ ортасында жұмыс істеуге арналған  ЭЦҚ тестілік сертификаттары жарамсыз болады. Бұрын шығарылған барлық сынақ тіркеу куәліктері кері қайтарылады. Сондықтан болашақта даму және тестілеу үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және алу» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға арналған тіркеу куәліктерін пайдалануға кеңес береміз.