Жарияланған күні: 25.01.2018 16:48
Өзгертілген күні: 25.01.2018 16:53

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті 2018 жылғы 25 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 26 қаңтардың  сағат 03.00-ке дейінгі уақыт аралығында «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесін жаңартылуын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейді:

1. ЭШФ АЖ дамыту тапсырмалары:

1.1. ЭШФ АЖ қатысушыларын тіркеу функционалын келесі бағамдар бойынша кеңейту:

  • тіркеу есебін жүргізу (оператордың және мердігердің (ӨБК қатысушыларының), сенім білдірілген тұлғаның және келісімшарттың)
  • ЖК немесе ЗТ басшысының шақыруымен қызметкерлерді тіркеу, ЗТ қызметкерлеріне кеңейтілген өкілеттіктер беру;
  • бас ұйымның шақыруымен ЭСФ-да филиал/өкілдікті тіркеу;
  • тіркеуден алып тастау, тіркеуден қате алынғандарды қалпына келтіру;
  • жарияланған деректерге орай қайта тіркеу (басшысының өзгеруі, электрондық пошта өзгеруі және т.б.) және қайта тіркеудің күндері мен себептер тарихын сақтау, сондай-ақ қайта тіркеу себептеранықтамалығын жүргізу.

1.2. ЭШФ АЖ-де блоктау және қалпына келтіру үшін СТ тіркеу есебі бойынша БДС-дан деректер алу механизмін жүзеге асыру және анықтамалықтарды жаңарту;

2. Бұрыннан жүзеге асырылған механизмдерді жетілдіруге арналған тапсырмалар:

2.1. Егер негізгі ЭШФ-да (2-нұсқа) «10. Жіберуші категориясы» өрісінде «D-Лизинг беруші» көрсетілген болса, ЭШФ веб-порталында лизинг беруші қосымша ЭШФ жасау кезінде G бөлімінде қосымша жолдар қосуға рұқсат беру.

2.2. Тіркелу кезінде кәсіпорынның атауындағы таңбалар санының шектеуін алып тастау;

2.3. Қызметкерлерді Пайдаланушылар бөлімінде көрсету кезінде нөмірлеуді қосу;

2.4. 27.4 «Келісімшарт күні» өрісіне таңба енгізу КК.АА.ЖЖЖЖ кіріс маскадан өзгеше деректерді қабылдамау.

3. Жүйедегі қателіктерді жою:

3.1. «МКО жойылған» мәртебесінен «МКО блокталған» мәртебесін алмастыру;

3.2. 1.1 «Есептік жүйе нөмірі» өрісінің мәні болмаған жағдайда қателік хабарламасын «Шот-фактура нөмірі реквизиты көрсетілмеген» мәтінен «Есептік жүйе нөмірі көрсетілмеген» мәтініне өзгерту;

3.3. «Тазарту» батырмасын басқан кезінде барлық ЭШФ және іздеу аралығын икемдеу бойынша қсынылған параметрлерге сәйкес ЭШФ-ды көрсету арқылы Іздеу функциясындағы сұраныс нәтижелерін көрсетуді.

Осыған байланысты, белгіленген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!