Жарияланған күні: 24.12.2019 19:40
Өзгертілген күні: 24.12.2019 19:47

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сізге NCALayer-дегі ЭШФ АЖ Модулінің 1.1 нұсқасына жаңартылатының хабарлайды. Осыған байланысты, 24.12.2019 ж. сағат 22:00-ден 25.12.2019 ж. сағат 00:15-ке дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі жаңартылатын болады.

Жүйеде жұмыс істеу үшін келесі нұсқауларға сәйкес NCALayer бағдарламалық жасақтамасындағы ЭШФ модулінің нұсқасын жаңарту қажет:

1-қадам. NCALayer-ден шығу (экранның төменгі оң жақ бұрышында, NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, «Шығу» таңдаңыз).
2-қадам. NCALayer бағдарламасын қайтадан іске қосыңыз. NCALayer бағдарламасын іске қосқан кезде жаңартуды қажет ететін модульдердің тізімін көресіз.
3-қадам. «ЭШФ модулін» таңдаңыз және «Жаңартуларды жүктеу» түймесін басыңыз.
4-қадам. NCALayer бағдарламалық жасақтаманы қайта іске қосуды сұрайды. «Қайта іске қосу» түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, ЭШФ модулінің жаңартылған нұсқасы NCALayer-де орнатылады және сіз ЭШФ АЖ веб-порталында жұмыс істей аласыз.