Жарияланған күні: 07.12.2017 18:40
Өзгертілген күні: 07.12.2017 18:42

Құрметті салық төлеушілер!

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті сіздерге Астана уақыты бойынша 07.12.2017 күні сағат 21:00-ден бастап 23:00-ге дейiн уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жаңартылуы бойынша  келесідей тапсырмаларды қамтитын жұмыстардың орындалатынын мәлімдейді:

1.                  Егер интерфейс қазақ тілінде болса, хабарлама мәтінінің бейнеленуі;

2.                  Тіркеу кезінде екінші қадамның сипаттамсы қазақ тіліне аударылуы;

3.                  №92895 өтініші бойынша шешімнің қабылдануы. XLS файлінде жасалған күн айналымының бейнеленуі;

4.                  24.11.17 күнінен ТТП. –7.(Жеткізуші) және  17.(Алушы) 3-450-сінен  1-450-ге өрістерінде таңбалар санының өзгерілуі;

5.                  АПИ бөлігінде механизмдерді аяқтап жасалынуы:

a)      91036 өтініші бойынша шешімнің қабылдануы. «invoiceBody» құрылымда «signatureType» тегі болмауы керек;

b)      91036 өтініші бойынша шешімнің қабылдануы. «countryCode» тегі  бас әріппен жүктеледі;

c)      91036 өтініші бойынша шешімнің қабылдануы. «catalogTruId» және «truOriginCode» тегтері дұрыс емес тәртібінде жүктеледі;

d)      ҚҚС – қосындысы толтырылмаған жағдайда, шот-фактураны шығару кезінде ҚҚС- мөлшерлемені толтыру кезінде тексерудің жоқ болуы;

e)       «warrantDate», «contractDate» және «deliveryDocDate» тегтерінде енгізілетін күндердің дұрыстылығына тексерудің жоқтығы;

f)       «deliveryDocDate» тегі 1-ші версиядан 2-ші версияға айырбастау кезінде өзінің мәліметтерін жоғалтады;

g)      7.Жеткізуші және 17.Алушы өрістерінде сұралынатын 3-тен 1-ге дейінгі таңбалар санын азайту;

h)      Тег қателерін көрсете отырып, қателерді нақтылау.

Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздықтарға кешірім сұраймыз!