Жарияланған күні: 10.12.2019 18:45
Өзгертілген күні: 10.12.2019 18:46

Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты, ҚР ҚМ 12.02.2018 жылғы № 166 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ 2019 жылғы 13 қарашадағы № 1255 бұйрығымен 910, 911 нысандары бойынша салық есептілігіне және оларды жасау ережелеріне өзгерістер енгізілгендігін назарыңызға мәлімет үшін жеткіземіз. Салық есептілігінің 911 нысанының электрондық үлгісі 09.12.2019ж. сағат 20-00-дан кейін Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ жарияланады.

Назар аударыңыз! 910, 911н. салық есептілігіне өзгертулер Салық кодексінің 686-бабының 2, 2-1-тармақтарына сәйкес енгізілген – деректерді бекіту және беру функциясымен кассалық машинаны немесе үш компонентті интеграцияланған (ҮКИ) жүйені орнату мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу, онлайн БКС сатып алу құны туралы немесе 60 мың теңге мөлшерінде ҮКИ күнтізбелік жылға есептелген салықтың 50 пайызынан аспайтын ЖТС сомасының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.