Жарияланған күні: 04.05.2016 16:13
Өзгертілген күні: 04.05.2016 16:16

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің мәліметіңізге 01.01.2016 жылдан бастап енгізілген, Салық кодексінің 342-бабына өзгертулер енгізілуіне байланысты, «ПҚӨС бойынша декларация» 590.00-нысанның 5-қосымшасын толтыру үшін, жер асты суларына ПҚӨС салу бөлігінде келесіні ескеру қажет.

«Пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен емдік балшықтардан өндірілген физикалық көлемі» D-бағанында текше метрде салық кезеңі үшін өндірілген жер асты суларының көлемі көрсетіледі, ол үшін I-бағанында көрсетілген мөлшерлеме көзделген. Бұл ретте «Мөлшерлеме» I-бағанында белгіленген мөлшерлемден % мөлшері көрсетіледі, егер D-бағанында көрсетілген көлемге 1 АЕК мөлшерінде мөлшерлеме көзделген болса, онда I-бағанында 1 цифры көрсетіледі. «ПҚӨС» J-бағанында D, I бағандарының тиісті жолдарының және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштерінің туындысы ретінде айқындалатын ПҚӨС сомасы көрсетіледі. J-бағанының белгісі L және N бағандарына көшіріледі. N-бағанының жиынтық сомасы 590.00-нысанның 590.00.001 жолына көшіріледі.