Құрметті салық төлеушілер!
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сіздерге Астана уақыты бойынша 18.11.2016 күні сағат 22-00-ден бастап 22-30 уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің web-қосымшасының жаңартылуы бойынша жұмыстар орындалатынын мәлімдейді.
Бұл жаңартылуға хаттар алмасу модулінің функционалын жетілдіру жұмыстары енеді.
Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтарға кешірім сұраймыз!