Жарияланған күні: 29.09.2017 09:13
Өзгертілген күні: 03.10.2017 10:53

Құрметті салық төлеушлер!

Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылғы 1 қазаннан бастап «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) күшіне енетіндігін хабарлайды.

2017 жылғы 1 қазаннан бастап электрондық-счет фактураларды (бұдан әрі - ЭШФ) ресімдеу бұйрықпен бекітілген бланк нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Осы талап өткізу бойынша айналым 2017 жылғы қыркүйекте жасалған, ал ЭШФ жазу мерзімі 2017 жылғы қазанға келетін ЭШФ-ға да таратылады.

ЭШФ-ны жазу www.esf.gov.kz мекенжайы бойынша қол жетімді немесе жаңартылған API-тетігі арқылы «Электрондық-счет фактуралар» ақпараттық жүйесінің Web-қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ЭШФ АЖ қатысушыларына 2017 жылғы 1 қазанға дейін қолданылған API-тетігінің нұсқасы бойынша ERP-жүйелерінде ЭШФ жазып беру мүмкіндігі беріледі, бұл ретте ЭШФ-ның қағаз нұсқасын басып шығару ЭШФ АЖ web-қосымшасы арқылы ғана мүмкін болады.

ЭШФ АЖ web-қосымшасында жұмыс істеу үшін Crypto Socket утилитасын орнату қажеттілігін қосымша хабарлаймыз, оның орнату пакеті https://kgd.gov.kz/kk/content/bagdarlamalyk-kamtamasyz-etu-1-0 мекенжайы бойынша орналастырылған.