Жарияланған күні: 08.06.2020 10:22
Өзгертілген күні: 09.06.2020 02:31

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

2020 жылғы 8  маусым                                                                   Нұр-Сұлтан қаласы

 

Қырғызстанмен айқын статистика: айырмашылық 10 есеге жетті

 

Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге бір жарым жылдың ішінде (2019 жылғы қаңтар – 2020 жылғы маусым) 79 163 автокөлік құралы өтті (кедендік бақылаудағы транзитті есепке алмағанда).

Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік шекара арқылы тауарларды өткізу процесін мониторингтеу нәтижелері бойынша мыналарды:

Экспорттық бақылау бойынша,

- Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды әкетудің 389 әрекетін (133 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды);

- тыйым салулар мен шектеулер белгіленген тауарларды әкетудің 2 302 әрекетін (мұнай өнімдері, медициналық маскалар, медициналық қолғаптар, түсті және қара металл сынықтары, ағаш материалдары, картоп, ұн және т.б.);

- экспорттық бақылау нормаларын сақтамаудың 181 фактісін (химикаттар, жарылғыш заттар, рентген аппараттары. Сондай-ақ табиғи уранды заңсыз әкетуге әрекет жасалғаны үшін қылмыстық іс қозғалды, ал әскери үлгідегі қаруға арналған патрондар - ҚР экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органның өнім транзитіне арналған рұқсатын алмай заңсыз өткізілді) анықтады;

Әкелінетін тауарлар бойынша:

- жалған алушыларға (импортқа қатысы жоқ және банкротқа) тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеудің 2,6 мың фактісін;

- жалған транзиттің 6 мың фактісін анықтады - бұл транзит ретінде мәлімделген Қырғыз Республикасынан барлық тауарлар ағынынан 20% құрайды (РФ тарапынан 7,7 мың факті анықталды);

Мониторинг 2,1 млрд. теңге сомасына ҚҚС бойынша 2,6 мың қосымша салық есебін қамтамасыз етті.

Тауарлардың тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуіне ерекше назар аударылуда. Қырғызстаннан келе жатқан автомашиналарға қатысты жүргізілген 1547 тақырыптық салықтық тексерулердің 1505 жағдайында бұзушылықтар анықталды (98% !!!).

Бұзушылықтардың басым көпшілігі – Қырғызстаннан әкелінетін тауарлардың тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген атаулармен сәйкес келмеуі болып табылады. Бұдан басқа, тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген ҚХР өндірісі тауарларының бағасы біздің еліміздегі осыған ұқсас тауарлардың бағасынан әлдеқайда төмен. Кейбір жағдайларда 400 есеге дейін төмен болып келеді. Бұл Қазақстан Республикасының және әріптес елдердің бюджетіне ҚҚС-тың толық түспеуіне әкеледі.

Мысалы, 2019 жылы «Алекс Транс» ЖШҚ Ресейге транзитті мәлімдеді. Халықаралық тасымалдауға арналған көлік құжатында ол халық тұтынатын тауарлардың құнын 2,2 млн. сомға 19,8 тонна көлемінде көрсетті. Қазақстанның кедендік құнының индикаторларымен салыстырғанда әйелдер джинсының бағасы 400 есеге ($ 16-ға $ 0,04), футболкалар 150 есеге ($ 12-ге $ 0,08), ал тондар 400 есеге ($40-қа $0,1), ерлерге арналған джинсы 15 есеге ($17-ге $1,1), әйелдер мен ерлерге арналған аяқ киім 80 есеге ($16-ға $0,2) төмен.

Оған қоса, сол кәсіпкер 51 рет жалған транзитке жол берген. Яғни тауарлар Қазақстан аумағында қалған, және олар бойынша салық төленбеген. Тек осы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыдан келтірілген залал 700 миллион теңгеге немесе 1,7 миллион АҚШ долларына бағаланады.

Жалпы цифрларға келетін болсақ, онда Қырғыз Республикасының экспорт және Қазақстан Республикасының импорт деректері айтарлықтай әртүрлі: Қырғызстанның цифрлары 10 есе төмен. Олардың ақпараты бойынша 2019 жылғы 9 айдың ішінде ҚР-ғы экспорт 18 миллиард теңгені, ал біздің деректер бойынша - 186 миллиард теңгені құрады. Құнды төмендету және жалған транзит фактілерін ескерсек, сәйкессіздіктер одан да көп болады.

Оған қоса, Қырғызстаннан Қазақстанға және Ресейге әкелінетін қытай тауарларының көлемі ҚХР-дан Қырғызстанға ресми импортының көлемінен 2 есеге асады. Өткен жылы Қытайдан Қырғызстанға 75 мың тонна тауар импортталды, ал экспортталғаны - 149 мың тонна (Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына өтті).

Өзара саудадағы мұндай жағдай Қазақстан Республикасының бюджетіне залал келтіреді және қазақстандық бизнесті бәсекелестіктің тең емес жағдайларында қалдырады.

ЕАЭО туралы шарттың 3-бабына сәйкес, ЕАЭО жұмысының негізгі қағидаттары тараптардың өзара тиімді ынтымақтастығын, тең құқылығын және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау болып табылады.

2019-2020 жылдар ішінде әртүрлі деңгейлерде бірнеше рет кездесулер өткізілді, онда тауарлардың көлеңкелі айналымын азайту мәселелерінде өзара іс-қимыл қажеттілігі талқыланды.

Импорт көлеңкелі айналымының және жалған транзиттің жолын кесу үшін құзырлы органдардың өзара іс-қимылы маңызды. Қазақстанның фискалды органдары Өзбекстан Республикасымен экспорттық декларациялардан алынатын алдын-ала ақпараттарды онлайн алмасуды жүргізуде. Осы жылдан бастап ҚХР-мен де алмасу жүргізіледі. Басқа елдермен де жұмыс жүргізілуде.

Өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар қырғыз тарапының атына да жолданды. Алайда, проблеманы шешуде біздің сұрау салуларымыз жауапсыз қалып отыр.

Жалпы, ЕАЭО елдерінен ҚҚС түсімі өткен жылы 1,2 есеге немесе 122,0 млрд. теңгеге ұлғайды.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі