Жарияланған күні: 06.09.2022 18:35
Өзгертілген күні: 06.09.2022 18:36

Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»  атағына 223 МКБ арасындағы ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың тамыз айына конкурс өткізді.

Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:

  •  Дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
  • Берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
  • Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне жауап бере білу.

Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

2022 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Шығыс - Қазақстан облысы МКД Ұлан ауданы бойынша МКБ бас маманы – Бектурганова Сауле Турсынбековна «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» болып танылды.

Бектурганова Сауле Турсынбековна, Мемлекеттік кірістер органдарында 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс уәкілі 14 жыл. Бектурганова Сауле Турсынбековна өзін-өзі сынау, талап қойғыш, өз күшіне сенімді, әр-дайы қол ұшын созуға даяр сияқты қасиеттерге ие.