Жарияланған күні: 17.01.2018 15:51
Өзгертілген күні: 17.01.2018 15:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Экономикалық қылмыс үстінде ұсталды

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің мамандары 386 млн. 643 мың теңгеге жазылған құжаттар негізінде жоқ құрылыс материалдарын алу туралы келісімге келген тұлғаларды әрекет үстінде ұстады.

Кәсіпкер Л.Б. және оның серігі Ж.Э.-ның алдын ала келісімі бойынша 2016 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың мамыр айы аралығында екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында жалпы сомасы 386 млн. 643 мың теңгенің шот-фактуралары ұсынылған. Алайда ешқандай нақты тауар алынбаған.

Мемлекетке ірі көлемді залал келтірілетін бұл әрекет ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлігімен және 216 бабының 2 бөлігі 2,3 тармақтарымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық болып танылады.

Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының талдау есептеріне сәйкес, шот-фактураларды алған заңды тұлға осы шот-фактураларды қолданған жағдайда, бюджетке түсетін 110 млн. 469 мың теңге салықтан  жалтаруға негіз болар еді.

Экономикалық тергеу қызметінің жүргізген жедел шаралары негізінде қылмыстық топтық жоспары аяғына дейін жеткізілмей, екі тұлғаның бір-біріне  55 млн. теңге қаражатын беруі кезінде оларды ұстау әрекеті жүзеге асты.

Қазіргі кезде бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 216 бабы 2 бөлігі 2 тармағы бойынша сотқа жолданды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)