Жарияланған күні: 27.04.2024 22:20
Өзгертілген күні: 27.04.2024 22:29

Елордада мемлекеттік кірістер органдарының 10 жылдығына орайластырылған аллея ашылды. Астананың оң жақ жағалауындағы Кенесары көшесінің бойында бүгін көшеттер отырғызылды, олар енді елорданың жасыл қорын толықтыра түспек.

Аллеяның ашылуына  ҚР ҚМ МКК төрағасы Ж.Дүйсембиев, оның орынбасарлары,  сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Жандос Дүйсембиев Аллеяның ашылуы Мемлекеттік кірістер комитетінің мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Шара, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікті қолдау мақсатында өткізілді. Одан бөлек, акция аясында Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы қалалық сенбілікке қатысты.

Қызметкерлер елордадағы «Көктал» саябағында жас қарағай ағаштарын

отырғызды. Қарағай ағаштары көзді қуантып қана қоймай,  қала ауасының тазаруына да септігін тигізеді.

Республикалық акцияны аумақтық мемлекеттік кірістер органдары да барынша қолдауда.

Еске сала кетейік, осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы 933 Қаулысымен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылған,  ол өз құрамына салық қызметін, кеден қызметін және экономикалық тергеу қызметін біріктірген болатын.