Жарияланған күні: 08.10.2019 14:23
Өзгертілген күні: 09.10.2019 19:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

8 қазан 2019 ж.                                                                                                       Нұр-Сұлтан қ.

 

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ САЛЫҚТАР БОЙЫНША ЕҢ КӨП ҚАРЫЗЫ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ТАҒЫ БІР ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың меншікке салынатын салықтар бойынша ең көп қарызы бар азаматтардың тізімін жариялау үрдісін жалғастыруда. 

ТОП-100 тізімін Шымкент қаласының тұрғыны бастап отыр. Мұрат Матиев көлігіне салынатын салық (БСК 104402) бойынша 7,5 млн.теңгеге жуық соманы мемлекетке берешек болып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Олжас Юсупов мүлік салығы (БСК 104102) бойынша 2,5 млн.теңге қарыз жинап үлгерген.

Жер салығы бойынша (БСК 104302) 4 млн. теңге қарызы бар азаматша да елорда тұрғыны. Жанна Аубакированың салық бойынша негізгі қарызы 1,5 млн.теңгені құрап отыр. Қалған 2,35 млн.теңге – есептелген өсімпұл.

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың жалпы тізімін мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда салықтық рақымшылық жүруде: ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылатын болады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

                 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)