Жарияланған күні: 26.10.2018 15:36
Өзгертілген күні: 26.10.2018 15:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 9 айында 11,9 млн. жалған есепке алу-бақылау маркалары, 8,5 млн. шөлмек есептелмеген алкоголь өнімі заңсыз айналымнан алынып тасталған

 

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында ұлт денсаулығы – біздің болашағымыздың негізі екендігін ерекше атап өтті.

Осыған байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау үшін мемлекеттің этил спирті мен алкоголь өнімін өндірісі мен айналымымен айналысатын нарық субъектілеріне ықпал етудің тиімді механизмдері болуы тиіс.

Экономикалық тергеу қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі алкоголь өнімінің заңсыз айналымымен күресу болып табылады. Бұл ретте алкоголь өнімінің заңсыз айналымына қарсы күресуде алкоголь өнімінің өндіруші-зауыттары және жеке тұлғалардың да есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану, сату фактілілерін анықтауға, сонымен қатар алкоголь өнімін шығару жөніндегі астыртын цехтардың қызметін тыюына негізгі көңіл аударылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде этил спиртінің, құрамында алкоголь және спрті бар өнімінің заңсыз айналымы саласында құқыққа қарсы қызметке жауапкершілікті көздейтін бірқатар құрамдары бар.

ҚР ҚК-нің 214-бабы «заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет» үшін, яғни кәсiпкерлiк қызметті, банктік қызметтi (банк операцияларын) тiркеусіз, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып, кәсіпкерлік қызметпен, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметпен тыйым салынған түрлерімен айналысуға жауапкершілікті көздейді.

Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалануға жауапкершілікті көздейді.

Қазіргі күні, мәліметтерге сәйкес ҚР аумағында алкоголь өнімін (спирт, арақ) 18 зауыт-өндірушілері өз қызметін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» (бұдан әрі – Заң) 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекітеді (Заңның 7-бабы).

Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат Рұқсаттар және хабарламалар туралы»Заңының 1-бабы).

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң тиiстi түрi үшiн қойылатын талаптарға сай келетiн субъектiге берiледi. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Заңның 9-бабына сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз өткізуге тыйым салынады.

Этил спиртi – спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм.

Алкоголь өнімі – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі.

Алкоголь тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсзідігін қамтамасыз ететін міндетті талаптар (сертификация) қойылған тауарларға жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы»  2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен міндетті түрде таңбаланады.

1)жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ жарамдылық мерзімі қойылмаған;

  1. этикеткасы жоқ, лас, майысқан, сондай-ақ анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмекте, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) ;

3)шығару елі белгіленбеген;

4)есепке алу-бақылау маркасынсыз (сырадан басқа);

5)қолданыстағы стандарттарға сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде таңбалаусыз алкоголь өнімін сатуға тыйым салынады.

Айналымға – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу кіреді.

Есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма.

Этил спирті мен алкоголь өнімін:

1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;

2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы:

      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;

      2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және көтерме саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелер беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.

Осылайша, алкоголь өнімін өндіру процесін бастау үшін кәсіпорын этил спиртін сатып алу мен сақтауға, алкоголь өнімін өндіру, сақтау және жеткізуге лицензия алу қажет. Лицензиялар нақты мекен-жай бойынша қызметтің әрбір объектісіне беріледі.

Өндіруші алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудаға лицензиясы бар арнайы дүкендер мен тұлғалар арқылы сатуға құқығы бар. Лицензиялауға бөлшек саудаға түскен өндірілген өнімнің әрбір түрі бойынша алкоголь өнімінің айналымы жатады.

 Алкоголь өнімін сатуға ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардың (заңды тұлғалар) құқығы бар. Азаматтар алкоголь өнімін бөлшек сатуды жүзеге асыра алады. Алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметі де қызметтің лицензияланатын түрлеріне жатады. Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің немесе шарап материалының импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер комиттетінің Экономикалық тергеу қызметімен 2018 жылғы 9 ай ішінде ҚР ҚК-нің 214-бабы бойынша 140 іс тіркелді (заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет – 48, ҚК-нің 233-бабы бойынша Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану – 92).

Заңсыз айналымынан 11,9 млн. жалған есепке алу-бақылау маркалары  (2017 жылы – 3,4 млн.), сонымен қатар 600 дана лентамен жалған есепке алу-бақылау маркалары, 8 513 813 шөлмек есептелмеген алкоголь өнімі және 43 670 литр спирт алынып тасталды.

Өткен кезеңде аумақтық МКД суррогат алкоголь өнімін шығару бойынша 23 цехтар анықталып, өндіріспен аяқталды (Алматы облысы бойынша МКД – 12, Ақтөбе – 3, ШҚО – 2, Павлодар және ОҚО – 1).

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)