Жарияланған күні: 30.07.2016 13:51
Өзгертілген күні: 30.07.2016 13:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті  ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден және салық органдарының құрылғанына 25  жыл толуы мерекесін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 2 жыл толуын мерекелеу қарсаңында жақсы дәстүр спорттық іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.

Осы ретте Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері, соның ішінде басшылық құрам отбасы мүшелерімен бірге 2016 жылы 30 шілдеде Қорғалжын тасжолындағы «Астана Орманы» паркіндегі велосипед жолында өткен дуатлон бойынша жарысқа қатысты.

Жарыс екі түр бойынша өтті:

  • 3 км. қашықтықта веложарыс – бір үлкен айналым;
  • 3 км. қашықтыққа жүгіру – бір үлкен айналым.

Жарысқа қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде болып жақсы әсер алды.

Комитеттің қызметкерлері а.ж. сәуірде «Астана Орманы» паркінде өткен 1,7 км., 2,5 км., 3 км. қашықтықта веложарысқа қатысқан болатын.

Жарыстың белсенді қатысушылары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі