Жарияланған күні: 26.04.2022 10:56
Өзгертілген күні: 26.04.2022 11:12

2022 жылғы 18-20 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) және Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) контейнерлік тасымалдарды бақылау жөніндегі жаһандық бағдарламасының (КТББ)  жаһандық бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласы халықаралық әуежайының «Жетісу» кеден бекетінде авиатасымалдарды бақылау тобында (АТБТ) жұмыс істеу үшін номинацияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлеріне арналған практикалық тренинг өтті.

ҚР ҚМ МКК атынан Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы Бекжан Мұқаев және Алматы қаласы бойынша МКД «Жетісу» кеден бекетіндегі АТБТ қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты ҚР ҚМ МКК қызметкерлерінің және порттық бақылау тобы мүшелерінің кедендік бақылаудың заманауи әдістері мен жүйелерін пайдалана отырып, қауіптілігі жоғары жүктерді анықтау және тексеру бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын нығайту болып табылады. Тәлімгер ретінде ДКҰ сарапшысы Карамжи Болина мырза шақырылды.

АТБТ-ның негізгі қызметі есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық іс-әрекет және заңсыз сауданың басқа да нысандары үшін жүктер мен өзге де тасымалдау құралдарын пайдалануды барынша азайту мақсатында әуе жүк тасымалдарын бақылау болып табылады. БҰҰ ЕҚБ және ДКҰ қолдауымен АТБТ қызметкерлері әуетасымалдау жүктері, тәуекелдер индикаторлары, контрабанданың кез келген түрін (айналыста шектелген, тыйым салынған тауарлар) анықтау әдістері, сондай-ақ арнайы талдау әдістерін, ақпараттық қамтамасыз етуді және жедел ақпарат алмасуды пайдалана отырып, жоғары тәуекел дәрежесі бар жүктерді анықтау үшін ішкі қатерлерге қарсы күрес шараларына саласындағы кедендік бақылау мәселелері бойынша теориялық және практикалық оқытудан өтті.