Жарияланған күні: 06.08.2018 19:38
Өзгертілген күні: 06.08.2018 19:39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы дәрістер өткізілді

 

2018 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасында 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының аса маңызды істер бойынша аға офицері А.О. Байжановтың қатысуымен дәріс өткізілді.

Дәріс өткізіу барысында А.О. Байжановпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қарсы туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптары мен нормалары түсіндірілді.

Осы жылы Мемлекеттік кірістер органдарында 58 мемлекеттік қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын айтып өтті.

Сонымен қатар А.О. Байжанов мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ұйымдастырушылық және тәжірибиелік жұмыстар атқарылып жатқандығын баяндады.

Осыған дейін де, ағымдағы жылдың 25 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Д.И. Раимбаевтың қатысуымен осындай дәріс өткізілген болатын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Д.И. Раимбаев Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілерін болдырмауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын естен шығармауға шақырды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)