Жарияланған күні: 19.01.2024 17:12
Өзгертілген күні: 19.01.2024 17:58

Бүгін Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, Жетісу облысының ҰҚҚ Шекара қызметі департаменті басшысының орынбасары Ержан Ертуғанов, «ҚТЖ» ҰК АҚ Вице-президенті Бауыржан Орынбасаров және Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Жетісу облысындағы «Достық» кеден бекетін жаңғырту барысымен танысты.
Елдің транзиттік әлеуетін дамыту және көршілес елдермен тауар айналымын ұлғайту мақсатында Үкімет Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан
Республикасы және Түрікменстан шекарасындағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртуды бастаған болатын.
Жаңғырту шеңберінде 10 өткізу пункттері қамтылды, оның ішінде: Қытаймен 5 («Алакөл», «Қалжат», «Майқапшағай», «Бақты», «Достық-теміржол»), Өзбекстанмен 4 («Қапланбек», «Қазығұрт», «Атамекен», «Тәжен»), Түрікменстанмен 1 («Темір баба») және Астана қаласында тауарлардың өткізу пункттері арқылы өтуін бақылайтын басқарма қамтылды.
Жаңғырту аясында заманауи талаптарға сай келмейтін ескі инфрақұрылым бұзылып, жаңа өткізу пункттері салынады.
Мысалы, жаңғырту шеңберінде мүлдем жаңа жерде аумағы едәуір кеңейтіле отырып, «Алакөл» автомобиль өткізу пункті салынуда.
Айта кету керек, жаңғырту аясында шекарадағы өткізу пункттері жабылуынсыз жұмыс істейді. Тек «Қапланбек» өткізу пункті өзбек тарапымен келісім бойынша жаңғырту аяқталғанша уақытша жабылды.
2023 жылғы шілдеде «Достық-теміржол» инспекциялық-тексеру кешені ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
Құрылыс кезінде «Nuctech Company LIMITED» әлемдік өндірушісінің көлік құралдарын тексеруге және сканерлеуге арналған жаңа жабдықтары қолданылады.
Сондай-ақ, кедендік бекеттерді цифрландыру және бақылауды орталықтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Елордадағы Бас диспетчерлік басқармада іргелес бақылау қызметтері, Шекара қызметі орналасатын болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тауарларды шығару, шекарадағы кедендік төлемдердің құны мен мөлшерін бақылау туралы шешімдерді Бас диспетчерлік басқарма қабылдайды.
Жаңғырту өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді, шекарадан ыңғайлы өту және мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады, өткізу қабілеті 6 есеге ұлғайып, тауарларды өткізудің барлық циклін автоматтандыру арқылы шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқартады.
Кеден саласы айналасын дамыту үшін, бүгін жаңа терминал - «Dostyk Customs Service» уақытша сақтау қоймасы ашылуда, ол «Достық-автомобиль» өткізу пунктінде жүктерді тиімді және жылдам кедендік өңдеуге және қосымша өткізу қабілетін ұлғайтуға ықпал етеді.
Уақытша сақтау қоймасы тауардың құнын төмендету үшін «Кросс-докинг» (автодан автоға қайта тиеу) технологиясы қолданатын болады. Бұл ретте тауар қоймада аз уақыт болатындықтан, жауапты сақтауға қабылданбайды.
Уақытша сақтау қоймасының аумағы барлық заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Тасымалдаушылар мен клиенттерге ыңғайлы болу үшін қойма аумағында тауарларды кедендік тазартуды жедел жүргізу үшін кеден қызметкерлері орналастырылған.