Жарияланған күні: 17.11.2016 10:26
Өзгертілген күні: 17.11.2016 11:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астана қ.                                                                                                          17.11.2016ж.

 

МКК-де қызмет бойынша мүдделер қақтығысы үшін

облыстық басшыларының бірі лауазымнан босатылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (51-бап) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15-бап) ҚР Заңдарында мүдделер қақтығысына нақты түсінік берілген.

Бұл - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін жеке мақсаттарда пайдалануға құқығы жоқ.

Мүдделер қақтығысы болған кезде, заңнамамен оны «оқшаулап шектеуге» бағытталған мемлекеттік қызметшілердің нақты әрекеті қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс шеңберінде заңнама талаптарын, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жұмысында мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылдауда.

Мұндай факт алкоголь өнімін сатумен айналысатын «Партнер Актау Компани» ЖШС қызметін тексеру кезінде Маңғыстау облысында анықталды.

Осымен, көтерме сатушылар жеткізген алкоголь өнімінің көлеміне және «Партнер Актау Компани» ЖШС-тің алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарына салыстырмалы талдау жүргізу кезінде тауар сомасы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды.

Аталған факті бойынша МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасы салықтық тексеруді тағайындады. Оның нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген бұзушылықтардан басқа ЖШС қоймаларында белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі табылды.

Басталған сотқа дейінгі тергеу барысында ЖШС құрылтайшысы Маңғыстау облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы С.Қуанышәлиевтің зайыбы болып табылатыны белгілі болды.

Мүдделер қақтығысының бар екендігін көрсетіп тұрған жағдайлар іс бойынша басшыларға және жоғарыда аталған ЖШС құрылтайшысына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндігін болдырмаған.

Алайда, С.Қуанышәлиев жазбаша рапортымен өзінің тікелей басшысына жүгінбеген және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының талаптарын бұза отырып, өз қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыра берген.

Қызметтік тергеу нәтижелері және тәртіптік комиссияның ұсынымдары бойынша С.Қуанышәлиев атқарып отырған лауазымынан босатылды.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі