Жарияланған күні: 02.10.2015 12:46
Өзгертілген күні: 02.10.2015 12:48

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

02.10.2015ж.

2015 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің (СТОҮК) 17-ші отырысы өтті.

Жыл сайын СТОҮК отырысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдованың уәкілетті органдарының, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің делегациялары қатысады.

Үйлестіру кеңесінің 17-отырысына бақылаушылар ретінде Грузия Қаржы министрлігінің Тергеу қызметінің бастығы Лера Барнабишвилидің басшылығымен аталған мекеменің өкілдері шақырылды.

Осы жылғы іс-шара ТМД қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдарының өз мемлекеттерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бұдан кейінгі экономикалық интеграция шарттарында ынтымақтастықты нығайту және жетілдіру мәселелері бойынша қызметке, несие-қаржы саласындағы қылмыстарға қарсы күрес шараларына және басқа да мәселелерге арналды.

Ашылу салтанатында қазақстан тарапынан сәлемдесу сөзімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тлеу Жанғарашев көп елдердің экономикалық тұрақсыздық шарттарында СТОҮК қызметі шеңберінде мемлекеттердің арасында ынтымақтастықты тереңдету және бұрын қол қойылған салық (қаржы) заңнамасындағы бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимыл механизмдері және іс-қимылды үйлестіру туралы халықаралық шарттар еліміздегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.   

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелерден басқа, Комитет өз тарапынан жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимылмен, салықты төлеуден жалтарумен және әдейі (жалған) бонкротпен байланысты елдердегі заңнамалардың ерекшеліктерін және қазіргі заманғы саясатты талқылауға бағытталған пікірталасқа бастамашылық етті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тұлғасында алдағы жылға төрағалық етуші тарап болып сайланды, тиісті шешімдерге қол қойылды, сондай-ақ 2015-2016 жылдарға арналған СТОҮК жұмыс жоспары бекітілді.

Анықтамалық: ТМД СТОҮК қызметінің негізгі бағыты өзара іс-қимылды, ақпарат алмасуды, өзара кеңес алуды қамтамасыз ету, салық (қаржы) заңнамаларының бұзушылығын анықтаумен, алдын алумен және жолын кесумен байланысты ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын жетілдіру және үйлестіру бойынша ұсыныстар дайындау, салық (қаржы) заңнамаларының бұзушылығымен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын дамыту болып табылады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі