Жарияланған күні: 16.02.2015 21:23
Өзгертілген күні: 17.02.2015 10:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

16.02.2015ж.

 

2015 жылғы 9-10 ақпанда Баку қаласында Әзербайжан Республикасы Салық министрлігінің құрылғанына 15 жыл құрметіне екі күндік «Әзербайжанның салық жүйесі: ақиқат және перспективалары» тақырыбындағы IV  мерейтойлық Салық форумы өтті. Салық министрлігі ұйымдастырған форумға АР Президенті Әкімшілігінің және елдің басқа да мемлекеттік құрылымдары, сондай-ақ Еуроодақ, Дүниежүзілік банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы өкілдері, Әзербайжан Ұлттық ғылыми академиясының қызметкерлері, Қазақстан, Ресей, Түркия және Литваның салық әкімшіліктері өкілдері, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты. 

Аталған форумның жұмысында халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекеттердің құзыретті органдарының өкілдері салықтық мәдениетті пен саясатты қалыптастыру, салық салу жүйесін жаңғырту, мемлекеттік және кәсіпкерлік секторларының ынтымақтастығы және дамушы елдерде халықаралық стандарттарды енгізу туралы көкейкесті мәселелерге қатысты баяндамамен сөз сөйледі.

Аталған шарада Қазақстаннан ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин болды.

Аталған форумды өткізу өзекті, себебі ол жаһандық масштаб процесінің талаптары мен айқындығына жауап береді, ал Форумның коммуникациялық алаңы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша заманауи тәсілдерді әзірлеуге арналған платформа болып табылады.

Сондай-ақ Дәулет Ерғожиннің Баку қаласындағы іссапары шеңберінде Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасымен екі жақты кездесу өтті, оның қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының кеден ісі саласындағы ынтымақтастығын нығайту жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына» қол қойылып, кедендік әкімшілендіру саласында ынтымақтастық, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды, сондай-ақ Жедел басқару орталығы таныстырылды және Әзербайжан Республикасы Салық министрімен құзыретті органдардың  екі жақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері және «Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының салық салу саласындағы ынтымақтастығын нығайту жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына» қол қою мүмкіндігі қаралды.

 

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі