Жарияланған күні: 05.03.2015 18:24
Өзгертілген күні: 06.03.2015 11:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

05.03.2015ж.

Баспасөз релизі

 

Бүгін 2015 жылғы 5 наурызда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық басшылығының салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесуі өтті.

Комитет төрағасы Д. Ерғожин өзінің сөзінде Мемлекеттік кірістер комитетінің 2014 жыл ішіндегі жұмыстың нәтижелері туралы және «НұрлыЖол» Бағдарламасында қойылған міндеттер шеңберіндегі ағымдағы жылға жоспарлар туралы баяндады.

Негізгі назар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға және мемлекеттік кірістер органдарының құрылған сәтінен бастап жұмыс нәтижелеріне бағытталды.  

Кездесу барысында Д. Ерғожин, Комитеттің қызметі мен 2015 жылға арналған міндеттерінен басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметінің бағыты бойынша Сенат депутаттарын қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар бизнесті жүргізудегі процестерді оңайлату және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан рәсімдер үшін алғыстарын білдірді.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі