Жарияланған күні: 19.03.2015 17:01
Өзгертілген күні: 19.03.2015 17:04
круглый стол

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

19.03.2015ж.

Баспасөз релизі

 

«Қазақстан-2050» стратегиясы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында салықты ырықтандыру және кедендік әкімшілендіруді жүйелендіру саясатын жалғастыру қажеттілігі туралы Мемлекет Басшысы айтқандай әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті адал компанияларды санаттандыру бойынша жұмысты жалғастыруда, және бүгін алдын-ала қорытынды шығаруға болады.

Тәуекелді басқару жүйесі шеңберінде кедендік бақылау нысандарын қолдануды дифференциялау мүмкін. Әлемдік практикада кең тараған механизмдердің бірі ТБЖ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттау болып табылады.

Өздеріңіз білетіндей, «жасыл» дәліз әрекеттері бұрын «Уәкілетті экономикалық оператор» және «Ірі тауар өндірушілер» сияқты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ғана таратылатын. Ағымдағы жылғы наурыздан бастап кедендік ресімдеу кезінде «жасыл» дәліз қолданатындарға қатысты адал салық төлеушілер санатын құру көзқарасы қайта қаралды. Бүгінгі күні ол сан жағынан кеңейді, бұл ретте кеңею мониторингте тұрған ірі салық төлеушілер есебінен болды.

«Жасыл» дәліздің мәні, ТБЖ-ы кедендік ресімдеу кезеңінде тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілерге қатысты кедендік бақылау нысандарын – тексеріп қараудан, қарап тексеруден, кедендік құнды қосымша тексеруден, кедендік сараптамадан және басқалардан бас тарту ретінде  барынша азайтуға құралған. Қандай да бір тәуекелдің белгісі болған жағдайда барлық сұрақ пост-кедендік бақылау кезеңіне көшеді.  Яғни кедендік бақылаудың акценті тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстырылады – тауарды тазарту кезінде уақытты үнемдеу, бірақ ол дегеніміз мүлдем бақылаусыз қалдырамыз деген емес. 

Бұл кедендік бақылау кезіндегі тәуекелдің бағытталған субъектісін бағалауға көші туралы жаһандық міндет жолындағы бірінші кезең. Алда, салықтық және кедендік тарихына байланысты барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттандыруды әрі қарай кеңейту бойынша үлкен жұмыс тұр.

Атқарылып жатқан жұмыстың қортындысы кедендік әкімшілендіруде жылдамдату және оңайлату, әкімшілік кедергілерді және адал сыртқы эконмикалық қызметке қатысушыларға жүктемені азайту, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кәсіби болуы қажет.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі