Жарияланған күні: 28.01.2015 16:58
Өзгертілген күні: 28.01.2015 16:59

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сіздердің назарлаңызға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді (бұдан әрі – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу тәртібін оңайлату мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 13, 20, 557, 598, 660-баптарына түзетулер енгізілгенін жеткіземіз.

Осы өзгерістерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге ауыстылуы көзделеді.

Бұл ретте, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер «Салық төлеуші кабинеті» (бұдан әрі – СТК) веб-қосымшасы, Электрондық Үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП), халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы тіркеліп есепке алынған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына жіберілген салық төлеушінің сұрауы бойынша электрондық түрде беріледі.

Сондай-ақ, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру кезінде салық есептілігін ұсынбаған жағдайда берiлмейтiн норма алып тасталған.

Бұдан басқа осы түзетулер мемлекеттік органдар және осындай мәліметтерді  беру Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген адамдар берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алу үшін электрондық түрде сұрау жіберуі  көзделген.

Осылайша, салық төлеуші берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алуы үшін электрондық түрде СТК,  ЭҮП, ХҚКО арқылы сұрау жіберуі жеткілікті.