Жарияланған күні: 26.08.2015 17:04
Өзгертілген күні: 26.08.2015 17:31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

26.08.2015ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнде бүгiн Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығына арналған іс-шара өтті. Ақынның мерейтойына арналған іс-шарада Комитеттiң қызметкерлерi Абайдың шығармалары бойынша сөз сөйледi.

Осы шығармашылық кеште Ұлы ақынның керемет өлеңдері мен әуендері айтылды. Олардың ішінде «Көзімнің қарасы» өлеңі 4 қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде оқылды.

Қазақ ағартушысының мерейтойын мерекелеу шеңберінде ұқсас іс-шаралар мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарында да өткізілді. Олардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Абай –қазақ ой-санасының шыңы - Абай –вершина казахской мысли» көрмесін ұсынды, Абайдың мұрасы және оның өмірі мен шығармашылығы туралы үш бейне фильм көрсетті.

Абай Құнанбаеваның поэзиясы қазақ халқының рухани өмiрінде және оның әдебиетінде маңызды орынға ие. Абай жазған  өлеңдер, әуендер ауыздан-ауызға, ауылдан ауылға таралып, халықта ең сүйiктi болуы бекер емес. Абайдың лирикаларының арқасында қазақ поэзиясы тек идеялық-көркемдік жаңашылдықтарға  байыған жоқ, сонымен қатар өзінің әрі қарай жүруіне және дамуына жаңа шынайы арнаны тапты. Оның «Қара сөздерін» кейбiр зерттеушiлер тұтас философиялық трактат сияқты қабылдайды. Олар әрқашан өзекті.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметi