Жарияланған күні: 24.04.2015 15:28
Өзгертілген күні: 24.04.2015 18:34
 

Құрметті ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) қызмет алушылары!

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің (салық, кеден органдары және экономикалық тергеу қызметі) сапасын жақсарту үшін ҚР салықтөлеушілер қауымдастығы және Сандж зерттеу орталығы МКК-нің қолдауымен 2014 жылы МКК-нің мемлекеттік органдарының жұмыс сапасын қызмет алушылардың кабылдау деңгейін  анықтау үшін  кәсіпкерлер мен ҚР тұрғындарына сауалнама жүргізуде.

Зерттеу шеңберінде бизнес-қауымдастығы мен тұрғындардың  аталған мемлекеттік органның қызметіне сенім арту деңгейі анықталатын, мемлекеттік кедендік және салықтық қызмет көрсетулер сапасы бағаланып, қызмет алушылар кездесетін проблемалар және т.б анықталатын болады.

Зерттеу нәтижесі бойынша МКК-нің органдарына мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық негізгі бағыттары мен салықтық және кедендік әкімшілендірудің негізгі аспектілері бойынша  ұсынымдар ұсынылатын болады.

Егер Сіз осы жылы сұрақ-жауапқа қатыспаған болсаңыз, Сіздің осы сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз. Алынған нәтиже қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал ететін болады. Барлық жауаптар кұпия болып табылады және жалпы түрде ғана қолданылатын болады.   

Егер Сіз:

Сіз 2014 жылы қызметтің бір түрін алдыңыз:

Анкета толтыру үшін:

Жеке тұлға

Салық органдарының қызметі:

1) Салық төлеушілерді тіркеу (тіркеу, тірку деректерін өзгерту);

2) Салықтық (көлікке, жерге, мүлікке және т.б. салықтар) берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру;

3) дербес шоттардан көшірме беру;

4) жергілікті (көлікке, мүлікке, жерге) салықтардың есептелген сомалары бойынша салыстыру.

http://ank.kz/sange_forms/tax_people_quest_for_site.php

Кеден органдарының қызметі:

 

1) шекарада (әуе, авто, т/ж) кедендік бақылауды өту

 

http://ank.kz/sange_forms/people_quest_2015_fin_18_02_customs.php

Заңды тұлға

Салық органдарының қызметі:

1) Дара кәсіпкерді (ДК) тіркеу (тіркеу, тірку деректемелерін өзгерту, тіркеуден шешу);

2) Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтаруды жүргізу;

3) заңды тұлғаны жою, ДК қызметін тоқтату .

http://ank.kz/sange_forms/tax_business_quest_for_site.php

Кеден органдарының қызметі:

1) Тауарларды кедендік тазарту және шығару;

2) Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру;

3) Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау;

4) Тауарлар құны бойынша қосымша тексеру жүргізу;

5) Шекарадағы кедендік бақылау.

http://ank.kz/sange_forms/customs_business_quest_for_site.php

Салықтық, кедендік және экономикалық тергеу қызметінің  мемлекеттік қызметкерлері сауалнаманы келесі сілтеу бойынша толтыра алады

http://ank.kz/sange_forms/quest_gossl_for_site.php

 

Қатысқаныңыз үшін алдын ала рахмет айтамыз!

 Егер Сіздің сұрақтарыңыз болса Сіз +7(7172) 240981 номеріне хабарласып, немесе sange.kz@gmail.com мекен-жайына хат жолдай аласыз.

 

Байланыс тұлғалары: Шарипбаева Айнагүл, Байтүгелова Наталья