Жарияланған күні: 10.02.2015 19:12
Өзгертілген күні: 12.02.2015 18:50

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

10.02.2015ж.

 

2015 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша

мүліктерді жария ету жөніндегі

баспасөз релизі

 

1. ҚР аумағындағы мүліктерді жария ету бойынша жерлікті атқарушы органдарының жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 166,5 млрд. теңгенің мүлкін жария етуге 20 265 өтініш келіп түсті:

- 123,6 млрд.  теңге сомасында 16 387 тұрғын үй объектілері;

- 41,4  млрд. теңге сомасында 9 066 тұрғын үй емес объектілері, оның ішінде 25,1 млрд. теңге сомасында 2052 коммерциялық объектілер;

- 0,7 млрд. теңге сомасында 14 заңды тұлғаларға қатысушылардың үлесі;

- 0,8 млрд. теңге сомасында бағалы қағаздар.

 69,6 млрд. теңге сомасындағы 11 765 объект жария етілді.

2. 2015 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктерді жария ету бойынша 110,1 млн.теңге сомасында 3 өтініш келіп түсті, оның ішінде 108,7 млн. теңге сомасында 2 объект жария етілді. 

3. 2015 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ есебіндегі деректер бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 10,0 млрд. теңгеге ақшаны жария ету үшін 58 жинақтау шоты ашылған, олардың ішінен жинақтау шотынан ақшаны жария еткені үшін бюджетке 419,5 млн.теңге сомасында алымды төлей отырып, 3,8 млрд. теңге алынған. ҚР экономикасына 2.9 млрд. теңге инвестиция салынды.

4. 1-Н есебіндегі деректер бойынша 2015 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша 206110 «Мүлікті жария еткені үшін алым» коды бойынша бюджетке жария ету бойынша акцияның басынан нақты 430,6 млн. теңге түсті.

 

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі